Баян Мақсатқызы маған продюсер бола алмайды! Әнші Асель Қарсыбаева неліктен мұндай пікірге келді?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Танымал болу үшін, продюсер керек-ақ... Бірақ, Мақсатқызы немесе Қонарова секілді басшылармен жұмыс істей алмасым анық» - дейді Әсел Қарсыбаева. Кезінде талай музыкалық байқау арқылы танылған әншінің, өзі қазір қайда жүр?

Әсел Қарсыбаева, әнші:

-Сенің жұрыс тұрысыңды барлық ел хабардар болу үшін, енді оған директор болу керек, продюсер болу керек. Өзімнің творчествомды өзім алып жүргендіктен, мені жиі көру қиынға соғып жатыр.

Соңғы уақытта ел назарынан тыс қалған Әсел Қарсыбаеваға, өз өнерін әзірше шағын сахналарда ортаға салуына тура келуде. Әнші қаражат тапшылығы шығармашылығына тұсау болғанын жасырмайды. Соған қарамастан, ол Баян Мақсатқызындай азулы продюсердің қол астында жүруге мүлде құлықсыз!

Әсел Қарсыбаева, әнші:

-Менің жасым жиырма бестен асты. Ол кісіге жас қыздар, би, триолар керек. Мен өзім жеке сольный айтқанды ұнатамын негізі. Енді, ол формат - басқа формат. Маған сәйкес келмейді деп ойлаймын...

Өнер айдынында жалғыз жүзіп үйренген ару, ең алғаш дәл осы қара домбырамен жұртқа танылған еді. Тіпті, 2013 жылы жеке жинағы жарық көріп, көптің оң бағасын иеленгені де бар. Енді, араға уақыт салып, Әсел Қарсыбаева  бұрынғы танымалдығының тұғырына қайта қонуға ниетті.

Әсел Қарсыбаева, әнші:

-Әнді жазып болдық. Енді, оған бейнеклип түсірсек бе деген ойдамыз. Бірақ, қазір іздеу үстіндеміз. Жақсы режиссерлар керек, көп идеялар керек...

Іздегені табылып, бейнебаяны таспаланып болған соң, өнерпаз келесі әнжинағына да білек сыбана кіріспек...