Алексей Полторанин болса, Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогының жеңімпазы атанып, рекорд орнатты. Ол 15 шақырым қашықтықты жекелей классикалық әдіспен жүруде, мәреге 36 минут 54,7 секундта келді.
Осылайша, Полторанин 15 шақырымдық классикалық стильде жеке жарыста, подиумға көтерілу саны бойынша рекорд жаңартты! Жалпы, қазақстандық өз мансабында 14 рет подиумға көтерілген - бұл швейцариялық Дарио Колона және норвегиялық Пол Гуннардың көрсеткішінен бір сан артық.
Сондай-ақ, Полторанин шаңғышы ретінде "классикалық 15 шақырымды" жетінші мәрте жеңіп отыр. Ол әйгілі швециялық шаңғышы Гунде Свананың да бұл көрсеткішіне жетті.
Алексей Полторанин рекорд орнатты!
22.01.2018