Елордада «Astana Media Week» апталығы өтуде. Қазақстандық медиа-саланың тізгінін ұстаған бәсекелестердің, басын бір қазанға сыйдырған ұйымдастырушылар расымен білікті екен. Бұл жиынға отандық 90 продакшн-компания, 15 жергілікті және 7 шетелдік телеарна қатысуда.
Еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігі мұрындық болған «Astana Media Week» - Орта Азиадағы ең ауқымды медиа-шара. Бұл алаңда медианарықтағы кәсіпкерлікті өркендету жолдары талқыланып, бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсаты қойылған.
Астанада отандық медианарықтың беткеұстарлары бас қосты!
04.10.2017