Көңіл жарастырып, ел аузына еріксіз іліккен Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет жұбы халық арасында кеңінен талқыланып, ақыры екеуі ажырасып тынған еді.
Ақбота да, Дәурен де әлуметтік желіге жазба қалдырып, қарым-қатынастарының соңғы нүктесін қойған да болатын. Алайда, «Ревюньюс» тілшілері экс-сүйіктілерді бірге тамақтанып отырған жерінен байқап қалды. Айдарқұлов мырза бұл жайында жұмған аузын ашпауға шындап бекінгендей.
Дәурен Айдарқұлов:
-Комментарий бермеуге құқылымын. Бірнәрсе айтқым келсе айтар едім. Рахмет.
Экс ғашықтардың қайта табысу бек мүмкін. Алайда, ортақ баланың ата-анасы ретінде екеуінің кездесуге құқылы екені тағы бар...