LG компаниясы да жыл сайын мыңдаған жанның өмірін ажалдан арашалап келеді. Себебі, ғарышкерлер, чемпиондар мен өнер жұлдыздарымен бірігіп қан тапсыру акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған!
Төрткүл дүниенің әрбір үшінші тұрғынында өмірінде бір рет болса да донордың қанына мұқтаждық туындайды! Бұл азаматтардың ең аз дегенде бір пайызы ұдайы қан тапсырып тұруы қажет деген сөз. Бірақ, өз денсаулығыма зияны тиюі мүмкін деген қорқыныш көпшіліктің бұл істен қашқақтауына түрткі. Дегенмен, өмірінің 47 жылында донорлық етіп, әр апта сайын жарты литр қан тапсырып жүрген Александр Скаковский мұның ешбір зияны жоқтығына сендіреді.
Александр Скаковский, құрметті донор:
– 71 жылдан бері 1070 рет донор болдым! Бұл – жалпы алғанда 580 литрге жуық қан тапсырдым деген сөз. Бүгін, креслоның барлығының бос еместігі, көпшіліктің бұл іске белсенді атсалысуы қуантты.
Қан тапшылығы, белсенді донорлардың аздығы LG компаниясының қызметкерлерін де жиі толғандырады. Сондықтан, бес жылдан бері түрлі акциялар арқылы мәселені шешуге атсалысуда.
Наталья Новикова, LGEAK -ның маркетинг бойынша директоры:
– LG компаниясының негізгі мақсаты, қоғамға, адамдарға пайдалы болу! Сондықтан, 2012 жылдан бері біз донорлық марафон ұйымдастырып келеміз. Биыл, бүкіл әлеуметтік желі арқылы Қазақстандықтарға онлайн-эстафета жолдадық.
Онлайн – эстафета бір айға ұласып, Қазақстандықтар бір – бірін донор болуға шақырған. Нәтижесінде, қыркүйектің өзінде 1700 донор 3600 литр қан тапсырған.
Диана Снегина, радиожүргізуші:
– Бүгінде, спортпен айналысу маст-хэв! Дәл солай, қан тапсыру да трендке айналса деген тілегім бар. Сол жағдайда қан тапшылығы мәселесі түгел шешілер еді.
LG компаниясы дәстүрлі акцияны әрі қарай жалғастыра бермек.