Головкин Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендерге демеушілігін жасамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Әр апат айтып келмейді! Орта салмақтың әлем чемпионы  Геннадий Головкин қазан айының екінші жартысында Мехикоға барып, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қорға қаражат аудармақ. Сонымен қатар, ол табиғи апатқа ұшыраған Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстон тұрғындарына жәрдемдесуді көздеп отыр. 


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес те жер сілкінісінен зиян көрген отандастарына бір миллион доллар қаражат бөлген еді. Головкин бұған дейін де, өзінің экс-қарсыласы, қазір дертке шалдыққан неміс спортшысы - Эдуард Гуткнехтті қолдау мақсатында 25 мың еуро табыстаған.