«Игра престолов» актерлері Мальдив аралдарына аттанды. Телехикая жұлдызы Никола́й Ко́стер-Вальда́у бұл жұмақ мекенге белгілі бір мақсатпен келген көрінеді...
«Игры престолов» картинасының актеры Никола́й Ко́стер-Валда́у Мальдивке Біріккен Ұлттар Ұйымының ерікті елшісі ретінде табан тіреген.
Өнер иесі аралдардағы климаттың өзгеруіне қарсы атқарылып жатқан жұмысқа білек сыбана кіріспек. Енді, актер әлеумет арасында телехикаяның жұлдызы емес, ғаламшар қамқоршыларының бірі ретінде де танылмақ ойы бар.
Николай Костер-Вальдау, актер, сценарист:
-Мальдивде, ең алдымен жүзі жарқын, жақсы адамдар мекендейді. Алайда, климаттың өзгеруі сол жандардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан дереу шара қолдану керек.
Ал, «Викториас сикрет» моделі Адриа́на Ли́ма-ның айнаға қарауға да уақыты жоқ. 36 жасар сылқым бокспен шұғылданып, топтаманың келесі көрсетіліміне дайындалып жүрген көрінеді.
Адриана Лима, модель:
Шоу алғаш рет Қытайда өткізілмек. Сондықтан, әзірден дайындалып жатырмыз. Расымен, топтаманың әр елде таныстырылғаны қандай керемет. Жыл сайын әлемнің әр түкпіріне баруға мүмкіндігіміз бар.
Мен де «PlayBoy» болғым келеді. Джа́ред Ле́то әйгілі ерлер басылымының негізін қалаушы Хью Хефнер туралы байопикте, басты рөлді сомдағысы келетінін айтып таңқалдырды. Өтініші жерде қалмаған музыканттың сөзінше, ол дәл осылай Хефнердің өмірін терең зерттемек ниетте.