Асылхан Төлепов «аула сыпырудан» шеберлік сабағын өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мына видеоға қарап халық қалаулыларының бәрі дәл осындай болса деген арман оянады. Жұмсақ орынға жайғасқан депутаттардың қалыпты бейнесіне, Асылхан Төлепов бұл жолы өзгеріс енгізгісі келгендей. Ардагерлер ауласын сыпырған жас актер «Ревюньюс» камерасының объективіне ілікті.

Алматы қалалық мәслихатының жас депутаты бұл жолы Орал шаһарында. Батыс өңіріндегі қайырымдылық шараға арнайы ат басын бұрған Асылхан, «Ардагерлерді ардайық» жобасының аясында қарттардың хал-жағдайын біліп, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға келіпті.

Ардагердің ауласын сыпырып, алғысына бөленген Төлепов, кездесу барысында тағылымға толы тарихқа сапар шеккендерін айтады. Мәселен, мына кейуана мекен еткен баспана талай жылдар бойы білім ошағы болған екен.

Асылхан Төлепов, актер:

-Кезінде үлкен медресе болған үй екен. Апамыздың ата-анасы жүзден асып өмірден өткен үлкен имамдар болған. Шәкірттер тәрбеиелеген екен. Апамыз осы жерді қимаймын. Қандай үй ұсынса да ешқайда көшкім келмейді деп өзінің тарихын айтып берді.

Игі шаралардың басы-қасында жиі жүретін жұлдыздардың бірі - Гүлнұр Оразымбетова. Тығыз кестесінен уақыт тапқан әнші, бұл жолы балалар үйіне бас сұқты. Өзі де 10 балалы отбасында өскен өнер иесінің мақсаты, жетім жеткіншектердің жүрегіне жылу ұялату...

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

-Жылағымыз келіп отырса да жылай алмаймыз. Онсызда жүректері жаралы балаларға позитивті әңгіме, әдемі ән, әдемі би, сондай бір көңіл-күймен және әр айтылған әңгіменің барысында армандар алға жетелейді, балаларға дұрыс бағыт беруге тырысамыз.