Осы уақытқа дейін жары жайлы жан баласына жақ ашпаған Динара Сұлтан, енді бар сырын ақтаруға әзір. Өйткені, көпшілік көзінен тасада жүретін әншінің жолдасы бұл жолы тыңдармандар арасынан табылды. Камера объективтіне іліккен бұл эксклюзивті кадрларды дәл қазір көрермен назарына ұсынамыз!
Ашық аспан астында ән кешін өткізген Динараның, бұл жолы тыңдарманға ұсынар тосын сыйы көп-ақ! Дүйім жұртқа жеткізер жағымды жаңалықтар легінің алғашқысы әншінің отанына қайта оралуы!
Динара Сұлтан, әнші:
-Аллаға шүкір Қазақстаныма көшіп келдім. Бес жыл бойы жолдасымның жұмыс бабымен Дубайда тұрдық. Енді жақсылап тұрып жұмысқа кірісемін деп ойлаймын.
Шетелге қоныс аударып шығармашылығын бір шетке ысырған Динара, Дубайда жүріп өгейдің күйін кешкенін айтады. Қазақстанда әр түрлі ән додалардан түспейтін бикештің шекара асқанда талантын бағалаушылар тіпті табылмапты.
Динара Сұлтан, әнші:
-Қай жақта болсаңда сен өзіңнің халқыңа тек қана керексің шыны керек. Маған көбісі шықпайсың ба, концертке деп айтты. Бірақ біз ол жақта ешкімге керек емеспіз. Тек қана өзіміздің Қазақстанға ғана керекпіз.
Әдетте, отағасы туралы тірі жанға тіс жармайтын Динара бұдан былай бар сырын ақтаруға әзір. Жұбайын қолдауда қол қусырып қалмайтын жолдасы, бұл жолы көпшілік арасында біздің камераның объективіне ілікті. Естеріңізге сала кетсек, Ерлан Қожасбай мен Динара Сұлтанның таныстығы отандық шоулардың бірінде бастау алған еді. Бүгінде олар үш бұрымды мен бір атұстардың ата-анасы!
Динара Сұлтан, әнші:
-Менің жолдасымның ешқандай қатысы жоқ музыкаға. Ол өзі музыканы сүйеді, жақсы көреді. Бірақ музыкаға ешқандай қатысы жоқ. Ешқашан дуэт айтамыз деп ойламаймын.
Бұл кеште жиналған тыңдармандарына Динара су жаңа альбомын таныстырған болатын. Үнтаспаның 70 пайызы өнер иесінің өз сазгерлігінен туындаған тректерден тұрады.