Испаниялық модель - Джон Кортахарена Сәкен Жақсыбаевтың музасы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық әртістердің қызыл кілемде мейлінше жарқырауы үшін Сәкен Жақсыбаевтың тың иделары керек-ақ. Жаңашылдыққа жаны құмар сәнгер бұған дейін шабытты – саяхаттан іздеймін деуші еді. Ол бұл жолы жаңа музасын ер жігіттен тапқандай ма...?! 

Қауесетті өршіткен Сәкен Жақсыбаевтың өзі! Сәнгер инстаграм парақшасына Джон Кортахаренаның суретін жүктеп, «MOOD» яғни «Менің көңіл-күйім» деген жазба қалдырған болатын. Испаниялық модель біздің дизайнердің шабытын оятты ма деген ой туды фолловерлерінде. Расында...

Сәкен Жақсыбаев, сәнгер:

– Қолымды иегіме қойып суретке түсіп, жабырқаулы көңіл-күйіммен бөліскім келген. Бірақ, ол фотолар ойымнан шықпады. Сондықтан да, Джон Кортахаренаның сәтті шыққан кадрларының бірін парақшама салып қойдым.

Дизайнер жеке өміріне қатысты құпиясын жеті қат сандықта сақтауды жөн санайды! Есесіне, сәнгердің шығармашылықтағы ізденістері бір сәтке кідірген емес. Мәселен, таяуда тақияға қайта жан бітірді.

Сәкен Жақсыбаев, сәнгер:

– Негізі тақия ер адамдардың бас киімі ғой. Кішкентай аруларға арналған үлгілері де болған. Заманауиландырылған түрлерін біз әйел адамдарға да арнап жасадық. Тарихта тақия иесінің бақуаттылығынан хабар беретін болған.

Қымбат тастармен зерленген дүниеге қызыққандар көп-ақ. 700 долларға бағаланған асқақ құнына қарамастан бір кеште 10-нан аса данасы сатылып үлгерді. 

Ян Рей, Fashion  фотограф:

– Шетелге шыққанда тақияны тастамай киіп жүрдім. Көшеде адамдар тоқтатып, қайдан алдың, бұл қандай бас киім, тарихы жайлы айтшы деп түрлі сауалдарды жаудырды. Меніңше, енді біздің де тақияға қызығушылығымыз оянады.

Ұлттық киімдер арасында қолданыстан кенже қалған тақия енді трендте! Дегенмен, сатылымнан түскен қаржыны Сәкен қалтасына басып қалмақ емес. Қайырымдық қорына аударып жіберді.