Экс – Кешьюлік арулардың бірі жеке өміріндегі қиындықтарымен алысып жүргенде, екіншісі өнерде жолын кес-кестейтіндердің барынан қатты күдіктенеді! Айдана Меденова өнердегі әріптестерінің түгеліне табысталып жатқан «ЕМА» жүлдесінен жыл сайын құр қалатынына аса өкпелі.
Қанша хит тарту етсем де Eurasian Music Awards-тың үміткерлері тізіміне ешқашан енген емеспін деп мұңын шақты ару!
Айдана Меденова, әнші:
-Өздерінің шешімі шығар сондай! Сұрақ, мен үшін де сұрақ!
«Eurasian Music Awards -тың» өткен, яғни 2016 жылғы жүлделері әділетсіз тарқатылды деген болатын көпшілік. Ал, биылғы мүсіншелер лайықты иесін таба ма?
«Космос» әнімен «Ең үздік бейнебаян» номинациясында оза шапқаны Кенталды қанағаттандыра қоймады.
Кентал, әнші:
-Өкіндім. Неге «Үздік әнші» номинациясын алмадым деп. Бірақ, енді бұйырғаны осы.
Яғни, сіз өзіңізді әріптестеріңізден үздік санайсыз? Мәселен, «Жылдың үздік әншісі» атанған Әли Оқаповтан?
Кентал, әнші:
- Жоқ мәселе оларда емес! Мәселе өзімде. Мен өзімді бағалаймын.
Кентал «ЕМА» мүсіншесінен ғана емес, «Ninety one» иглздарының махаббатынан да дәмелі сынды.
Ал «рейванстар» армиясын жасақтап, жаңашылдығымен таңқалдырған Блэйк Дайл мен Зирузаны Айри шаң қаптырды. Сылқым «Жыл серпілісі» жүлдесін қолдан бермек емес!
Луина, құттықтаймыз! «Жылдың ең үздік әншісі!» Бұл мүсіншені қанша жыл күттіңіз!
Луина, әнші:
-Екі жыл қатырынан дәл осы номинацияда үздік шыққан едім. Одан кейінгі екі жылда тіпті үміткерлер қатарына да қосыла алмадым! Дегенмен, үшінші рет мүсіншені қанжығалау зор қуаныш!
«Джейран» да «Туркистік» сылқымдарды үлкен басымдықпен артта қалдырып, «Үздік гелз-бенд» атанды. «Үздік дуэт» мүсіншесі Сосо Павлиашвили мен Алан Черкасовтың еншісінде!
Айтпақшы, елге жиі табан тірейтін Павлиашвили мырзаны «ЕМА-ліктер» хэдлайнер ретінде ұсынғанды. Бірақ, «Алматы аренаны» түгел тербелтіп, қосыла ән салдырған «91»-лік мемберлер! «Үздік ән» мүсіншесін алу үшін сахнаға үтік арқалап шығып, жұртты екіұдай ойға қалдырған да солар!
– Бала мен сіздің мына жеріңізден этикетка байқап қалдым! 7990 теңге! Сіздің тіпті шашыңыздағы бояу да жуылмапты. Киімдеріңіз, аяқ киімдеріңіз бауларыңызды... Тез-тез барып жуу керек. Шашым түсіп қалады әйтпесе. Не себепті?
Ninety one тобы:
– Біз дайындалып жатқан адам болатынбыз! Эйзи шашын бояп жатқан, Эйс енді ғана шаш үлгісін жасап жатқан. Мен киім үтіктеп жатқанмын. Мына бала ұйықтап жатқан. Бізді алды да жүріңдер деп жұлып алып кетті. Саханның өзіне шығарып жіберді. Қарасақ мүсінше беріп жатыр екен. Сондықтан да сіз футболкаңызды теріс киіп шықтыңыз иә?
Дегенмен, серілер екінші, «Ең үздік ерлер тобы» мүсіншесін қанжығалауға тас-түйін дайын шықты! Жарты сағатқа ұласқан концерттерін ұсынғанымен иглз оларды сахнадан жібергісі келмегені анық.