Құрсағына құт бітуі - Джорджино Родригестің де белсенді өмірін әрі қарай жалғауына қолбайлау емес. Криштиану Роналдудың сүйіктісі спортпен шұғылдануын жалғастырып, айы-күні жеткенге дейін йогамен айналысуға ниетті. Кезінде даяшы және сатушы болған ару жайлы не білеміз?
Джорджино Родригес тұңғыш рет өзі жайлы сұқбат берді. Ол кәсіби түрде балетпен айналысып, Лондондағы Королдік би академиясында да оқыған.
Мансабы айтарлықтай көкке өрлемеген соң ол әуелі даяшы, сосын сатушы болыпты. Анасының 2011 жылы жол апатынан қаза тапқанын да жасырмады. Әкесі болса өмір бойы футболмен шұғылданған екен.
«Әкемнің кәсібі доп тебу болғандықтан, көпшілік менің де осы жолды таңдауым қажет деп есептейді»! Атақты болудан және жұрттың тым шексіз назарынан жалыққан Бруклин Бэкхем, журналистерге біраз шағымданды.
Бозбаланың арманы - фотограф болу! Сондықтан да, ол ата-анасынан төрт жылға жыраққа кетіп, осы саланың қыр-сырына Нью – Йоркте машықтануды көздеп отыр.
Анджелина Джоли де бұл жолы кадр сыртында қалуды жөн санады! Тұңғыш рет режиссерлік міндетті мойнына жүктеген ол, «Сначала они убили моего отца» картинасын таспалап шыққанды. Енді, туындының трейлері ұсынылды.
Джоли бикеш бұл фильмнің бас кейіпкерімен Камбоджаға жасаған алғашқы сапары барысында танысқан. Ал, драманың өзі 15 – ші қыркүйекте көрерменіне жол тартады.