Байқап қарасақ, нәзік жандылармен салыстырғанда ер азаматтарға шығармашылығын шыңдап, әр бағытта бағын сынап, жетістікке жету әлдеқайда оңайырақ. Дегенмен, құндақтағы сәбиі бар кей өнер жолындағы сұлулар жігіттерден еш қалыспақ емес. Бұл жанкештіліктің құпиясы неде? Тілшіміз тарқатсын.
Аша Матай - өмірі өнермен өрілген жұлдызды жас ананың бірі. Әнші, шығармашылығының ақсаңдап қалмауы үшін, бала күтімін ата-енесінің мойнына жүкетеген. Оның пікірінше, сәбиі мен жұмысты мүлде араласатыруға болмайды.
Аша Матай, әнші:
-Біз Арман екеуіміз гастрольдік сапарға жиі бірге шығамыз. Қызымызды өзімізбен бірге ешқашан алмаппыз. Ол бала ғой. Алыс жолда немесе жұмыста қызымды ертіп жүруім, ол үшін ауыр болады. Меніңше бұл дұрыс емес.
Ал, Аида Жантілеуова кереғар пікірде. Актриса «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген оймен еш келіспейді. Түсірім алаңында сәбиін өзімен ертіп жүрген ол, аптақ ыстықтан да қорықпайды.
Аида Жантілеуова, актриса:
-Бәрін көріп үйреніп өседі, және даланың ауасын, осындай ыстықты да желді де, бәрін көріп өскен бала. Өзіміз жаман үйретемізғой қалада ешқайда шығармай аурушаң қылып. Шарын шатқалына да қызыммен бардым.
Хит әндердің ханшайымы Ерке Есмаханның ұлы болса, ерте кезден-ақ Ақтөбедегі ата-әжесінің қолына тапсырылған. Алайда, Мүсілім күнделікті өмірде болмаса да, жарнама мен бейнебаяндарда әрдайым анасының жанында.
Ерке Есмахан, әнші:
-Енді бенебаянда да қасымда, жарнамада да қасымда. Енді Мүсілімді олай қатты бір өнерге, шоу бизнеске жақындатып, ол актер болса екен деген ой жоқ. Тек өзіміз, атасы мен әжесі тедледидардан көріп, ол өзі көріп қуанып қаламыз да мәз болып.