Ақан Сатаев киноға түсіп үлгерді. «Больше чем кино» картинасын таспалап жатқан Асқар Бисенбин, түсірілім алаңына өз әріптесін кеңес сұрау үшін емес, актер ретінде шақырған.
Асқан Бисенбин, режиссер:
-Бұл картинада мені де көре аласыздар. Одан өзге Ақан Сатаев, Нұртас Адамбаев та өмірдегі өз образдарымен төбе көрсетпек. Өте қызықты шығады деген үміттемін.
Осылайша, бір уақытта екі жақта фильм таспалап жатқан қос киногер Асқар Бисенбин мен Ақан Сатаев түсірілім алаңында табысты. Режиссерлікті уақытша ысырып қойған Сатаев мырза, өз образының сәтті шығуына барын салған сыңайлы. Өнер иесі әлеуметтік желіде «Жарты жыл бұрын әріптесімнен шақырту алған едім. Бүгін мен шағын рөлдің де маңызды екенін дәлелдеуге барынша тырыстым» деген жазба қалдыруда да ұмытпады.