Боксшы секілді сарбаздың да әр күні жекпе-жек! Алматы облысында жалауын тіккен «АрМИ-2017» халықаралық әскери сайысының, 18 мемлекеттен келген қатысушылары да осындай пікірде. Зулаған ұшақтарды көріп, жарылған снаряд үнінен әсер алған Серік Ноянбайұлы толықтырады.
– Жырың болып, төгілемін елім, туған жерім менің Қазақстаным!
Алматы облысы, Отар полигонында өткен «АрМИ-2017» халықаралық әскери ойындарының ашылу салтанаты шоудан кем емес. Бұл ауқымды жобаның миссиясы бейбіт екенін еліміздің қорғаныс министрі де атап өтті. Еуразия мен Африка құрлығының 18 мемлекетінің 400 сарбазы өзара сайысқа түспек.
Болат Жорабаев, «АрМИ-2017» әскери сайысының төрағасы, полковник:
– Ең біріншісі әскери ынтымақтастықты нығайту. Біз бұл жерде бір-бірімізбен танысамы, бір-біріміздің техниканы көреміз.
Мергендер шебі, артиллериялық атыс шеберлері, ұшқышсыз ұшу апараттары есеп топтарының бәсекесі! Жауынгерлер додасы сайыстың осы үш түрінен мықтыларды анықтайды! Сонымен қатар, орайы келсе өзге елдің қару-жарағына әскери әдеппен жасалатын тыңшылық амалдарға да жол ашық!
Болат Жорабаев, «АрМИ-2017» әскери сайысының төрағасы, полковник:
– Әрине жасайды. Әр мемлекет әр қайда барлау жұмысын жүргізеді. Бірақ оны ешкім, ешқашан айтпайды.
Тамыздың 1-9 аралығында өтетін «АрМИ-2017» әскери ойындарында ұшақтардың әуедегі шоуы, парашюттен секіру мен снаряд үніне де орын бар.
- Маған танкімен жүрген ұнады, самолетта ұшқан ұнады.
Серік Ноянбайұлы, журналист:
-«АрМИ-2017»халықаралық әскери көрмесінің тағы бір ерекшелігі, ашық аспан астында орналасқан көрмесі. Мұндай қойылған ауыр әскери техникаларды тамашалауға келгендердің дені кішкентай балақайлар. Олардан да ертең нағыз отансүйгіш ұрпақ шығарына сенім мол!
– Әскери ойындар өте ұнады. Біздің Қазақстанның қарулы күштерінің мықты екеніне көзіміз жетті. Патриоттық тәрбие бергенге өте маңызды деп ойлаймын.