Жанар Дұғалова әйгілі Николь Шерзингердің жанында жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Біздің заманымыздың әдемі әрі дарынды әйелдерінің бірі. Сізбен кездескен кеш көңілді өтті»! Дәл осылай соңғы постында жазба қалдырған Дұғалова, Николь Шерзингермен түскен суретін желіге жүктепті. Алайда, АҚШ-та жүрген Жанар, әйгілі әншімен арадағы қарым-қатынасы жайлы жан баласына жақ ашпаған... Қазақ қызы мен Шерзингердің шығармашылық тандемі пайда болса таң қалмаңыз!  

 

Америкаға аттанған Жанар Дұғалова әлемдік жұлдыздармен шет елде өзін еркін ұстаса, «Асылдық» Ақерке өзге мемлекетте өзін жайсыз сезінетінін айтады. Өйткені, құжатын жоғалтқан құрбысының оқиғасы, қобызшы қызға жақсы сабақ болған көрінеді.   

«Асыл» тобы:

-Біздер Париж қаласына конкурсқа барған кезде,  ол төлқұжатын жоғалтып алды. Бәріміз үйге асығып, қайтайын деп жатқан кезде, ол сол жақта жылап қалған болатын. Сол қатты көңіліме тиді де, төлқұжаты болмағаннан кейін, қайта алмады елге. Сол жақта екі апта жүріп, қайта жасатты.

 

Сапарға шықса салғырттық танытатын танымалдар тізімінде «Меломендіктер» де бар. Тіпті, аталмыш топ төлқұжатының жарамдылығына да мән бермейтін болып шықты.

«Меломен» тобы:

-Жігіттер өтіп кетті. Мен ғана қалдым. Сөйтсем, маған сенің уақытың өтіп кетті деп қоймайды. Мен сенбеймін қалай уақыт өтіп кетті деп. Мен ұшып келдім ғой десем қоймады. Сөйтіп Оралда қалдым. Бір аптадан кейін аман-есен жетті ғой. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді ғой. Мен айтар едім замануи түрде: «Құжатсыз адам, қанатсыз құспен тең» деп.

 

Өз елінде жүріп құжат мәселесіне немқұрайлы қарайтын кей жұлдыздардың, шекара асқанда тығырыққа түссе жол табар тапқырлықтары да бар.

«Меломен» тобы:

-Елшілікке барып, арыз жазып, солай істеуге болады.

«Асыл» тобы:

-Шет елдегі елшілікке бару керектігін білеміз. Ары қарай енді өздері шешіп береді