Айқынның кубалық өнерпаздармен бірігіп таспалаған клипі жарыққа шыққан сәттен сын садағына ілікті!
Желіге жүктелген жаңа бейнебаянды 1 тәулікте 20 мыңға жуық адам тамашалаған. Қазақ және испан тіліндегі ән «Өмірім айқын» деп аталады. Алайда, біткен іске сыншы көп! Қазнет қолданушылары позитивке шақыратын тың туынды жайлы түрлі пікірлерді қарша боратып жатыр.
Айқын Төлепберген, әнші:
-Тойда да шырқалып тұрса деген ниет бар әрине. Бірақ, тойда емес, машинада да тыңдауға, үйде де тыңдауға болады. Ондай той әні деп айта алмаймын...