Грешница» картинасының тұсаукесеріне Джесика Бил неге Джастин Тимберлейксіз келді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью – Йорктің қақ төрінде Джесика Билде қызыл кілемге шықты! «Грешница» картинасының тұсаукесеріне ол неге жалғыз келген? Әрдайым шашбауын көтеріп жүретін Джастин Тимберлейк, мұндай маңызды сәтте неге жанынан табылмады?

Жоқ, олардың мінсіз махаббатарына сызат түскен жоқ. Бұл жолы да Джастин сүйіктісімен бірге арнайы Нью – Йоркке келді. Тек, қызыл кілемге шығып, жүздеген  камера алдында жарқырағысы келген жоқ. Жәй ғана, Билл бикеш жұмысын жасап жатқан тұста, ұлы Сайластың қамын жасап, қасында отырған. Актрисаның өзі де «отбасым болмаса, еш биікті бағындыра алмас едім» деп ағынан жарылды.

«Бар жақсылықтың бастауы – махаббат» дейді Николь Кидман да. Уақытты қалай жеңіп, жас кейпіңде қалдың деген жауыр сауалға елуді алқымдаған актриса ақыры жауап қатты. Айтуынша, сүю және сүйікті болу сұлулықтың кепілі екен.

 

Қырықтың қырқасына шыққан Шакира үшін албырт сезім аздық етеді. Үнемі би арқылы шыңдалып отыратын әнші образына өзгеріс енгізген. Сары шашын қызғылт түске өзгертіп, нюд стилінде мейк-ап жасаған. Енді, жанкүйерлері қай кейпі жарасымдырақ екенін анықтай алмай әлек.