Әрдайым шығармашылық ізденісте жүретін Жолдасов тыңдармандарымен жиі жүздескенімен, Ұлықпанның қатарластары әлдеқашан көрермен көзінен алшақтаған. Мәселен, Болат Құсайыновтың халықпен қауышқысы келеді-ақ. Бірақ, бәзбіреулер әншінің жолына бөгет болып отырған көрінеді...
Жұрт назарында жүргенге не жетсін! Бұл Болаттың пікірі. Құсайынов танымалдылықты арттырудың түрлі қадамдарын жасауға асық. Алайда, іс-әрекеті нәтижесін берер емес!
Мұрат Құсайынов, әнші:
-«Телевизионный формат» дейді ғой қазір. Клиптерді жіберсек «не формат» дейді. Форматтың өзін түсінбейтінмін. Қазір түсіне бастадым. Форматтың өзі мынадай «тойский өлеңдер» керек, кішкене билейтін өлеңдер керек... Ал, біздің өлеңдер «серьезный өлеңдер де». Поэтому форматқа кірмейтін шығармыз.
Ал, Болат Құсайыновтың замандасы әр қатарласы Бақтияр Тайлақбаев үшін көгілдір экраннан көп көріну мақсат емес! Талантты тенор, тыңдармандарымен теледидардан тыс тығыз қарым-қатынаста болудың тың тәсілін тапқан.
Бақтияр Тайлақбаев, әнші:
-Мен әрқашанда бармын. Жыл сайын концерттер беремін. Облыстарға шығамын өзімнің жеке концертіммен. Күзде құдай қаласа, 35 жылдыққа арналған жеке концертім. Соған дайындықта жүрмін.
Сондай-ақ, көрермен көзінен алшақтаған жұлдыздардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы да бар. Сахнада сирек бой көрсететін өнер иесінің соңғы уақытта шығармашылығы бәсеңдей бастаған көрінеді...
Жұбаныш Жексенұлы, әнші:
-Адамда бір активный жұмыс істейтін кез болады, содан кейін бәсеңситін кез болады. Бұрынғыдай белсенді емеспін. Бірақ, шақырған жерден қалмауға тырысамын. Оның үстіне қазір бұрынғыдай орынды, орынсыз, жөн жосықсық концерттер көп емес.