Ерке Есмахан хит жасаудың тағы бір тың тәсілін тапты...

Сообщить о проблеме с эфиром

Қаумалаған халық, қосыла шырқаған тыңдарман! Иә, «Қайда» әні хит болғалы Еркенің өмірінде күнде жиын, күнде той! Ал, өнер иесінің сөзінше, аталмыш тректің ел арасында тез таралуына сазгерден бөлек, ән мәтіні авторының да үлесі зор екен.

Бұл әннің сазын студент қыз жазса, сөзі Қайнар Алагөзовтікі! Мәтін авторы мен Еркенің таныстығы Төреғалимен жазған «Алло» әнінен бастау алған-ды...  

Ерке Есмахан, әнші:

-Сөзге көп мән беремін әндерімнің сөздеріне. Тек жаным, күнім, сүйдім, құладым деген ондай жаза алмаймын. Сондай жақсы-жақсы сөздермен болсын деп, тәрбиелік мәні бар, бос сөз болмасын деп, өзімнің бауырым Қайнар Алагөзовке жаздырдым.

Қайнар Алагөзов,ақын:

Жазған әндеріміз хит болып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Хит болғанына және біздің кінәміз жоқ ешқандай. Адамның қалауымен, адамдардың талантымен.

 

Бейнебаян желісінде жүрегінің жартысын елдің түкпір-түкпірінен іздеген Ерке, галактикаға да сарап шегеді. Иә, ән мәтінін түрлі тіркестермен өрнектейтін Қайнардың сөз жазудағы дара жолы бар!

Қайнар Алагөзов, ақын:

-Неге егер мықты ақын болсаң, машинаның «глушителі» туралы өлең шығармайсың деп. Ол жерде күлкі болды, әзіл болды. Бірақ, мен шынымен ойланып қалдым. Неге мен машинаның глушителі туралы өлең шығармасқа деп. Содан кейін өлеңдердің ішіне, «асфальт», «компьютер», «салон», «қысқа юбка», «шли» деп қолдан келгенше өлеңдерді қосып жатырмыз. Елдің көңілінен шығар ма деген ниет қой бұл жерде.

Ерке Есмахан,  әнші:

-Ойламаған сөз келеді ойына, сол әнге ұйқасып тұрады. Және де мағынасы да жай ғана емес, сондай мағынамен, үйлесімділігін тауып тұрады да.

Иә, хиттің аты қашанда хит! Тіпті, танымал трек Ерке Есмаханның экс-жұбайын да бей-жай қалдырмаған. Бүгінде Асхат Садырбайдың аталмыш әнді күніне бір тыңдамаса көңілі көншімейтін көрінеді.