Ақбота Сейітмағамбеттің мына суреті инста парақшасындағы ең көп пікір тіркелген посттарының көшін бастап тұр. Өйткені, бұл жазбада «Кешьюдің» экс-әншісі, Дәурен Айдарқұловпен ат құйрығын біржола үзіскенін хабарлаған. Дәм-тұзы жараспаған бұрынғы жұбайлар енді не дейді?
Иә, дәл осылай «Гламур для дур» картинасынан басталған махаббат хикаясы алғашқыда талай мәрте талқыға түскен еді. Алайда, ақ келін атанып, Дәуренге Ибраһим есімді атұстар сыйлаған Ақбота мына посты арқылы дүйім жұртты тікесінен тік тұрғызды. Бұл жазбада жас жұбайлардың екі жаққа кеткені жарияланған. «Ревюнюске» эксклюзивті сұхбат берген жас ана, алғаш рет атышулы оқиғаға қатысты пікірін білдірді.
Дәуренмен арадағы қарым-қатынасқа нүкте қойылғанымен, Ақбота қол қусырып отырған жоқ! Алайда, жастайынан тағдырдың тауқыметін тартқан бикештің бар жұбанышы ұлы мен ет-жақындары ғана...
Ал, Ақботамен арадағы орын алған отбасылық трагедияға Дәурен Айдарқұлво сұхбат беруден бас тартты.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
Не-нет, спасибо. (Жо-жоқ, рақмет)