Ең үздік телехикая! Лос-Анжелесте «Эмми-2017» сыйлығының иегерлері анықталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жылдың «ең үздігі» атанған өнер иелерін шын жүректен құттықтаймын! Иә, бұл жексенбі отандық қана емес, шетел жұлдыздары үшін жемісті болған анық. Мәселен, Лос-Анджелесте «Эмми» телебәйгесі жүлдегерлерге өз марапатын табыстады. Сонымен, «Эмми-дің» таңадауы бойынша қандай телехикая көруге тұрарлық? 

Атақты жүлде өз мәресіне жетті. 69-шы рет өткізіліп отырған «Эмми-дің» бұл жолғы «ең үздік драмалық телехикая» марапаты «Рассказ служанки» теле туындысына бұйырған. Ал, «Вице президент» картинасы үшінші рет қатарынан «үздік комедиялық телехикая» атанып, мықтылар қатарынан әлі түсер емес.

Сондай-ақ, «Болшая маленькая ложь» туындысы «ең үздік шағын-телехикая» сыйлығын еншіледі. Одан өзге, Стерлинг Браун, Дональд Гловер, Элизабет Мосс, Кейт Маккиннон, Николь Кидман - үздік актерлік ойын үшін арнайы марапатталып, аталмыш кештен құр алақан қайтпады.

Николь Кидман, актриса:
-Аталмыш картинада әрқайсымыз өз рөлдерімізді қатты жақсы көрдік. Телехикаяның сюжеті өте қызық дер едім.  Және дәл қазір осы керемет сәтті басымнан өткізіп тұрғаныма өте қуаныштымын.

Шарада Николь сылқымның қанжығалаған жүлдесі ғана емес, үстіндегі әсем қызыл көйлегі жұрт арасында қызу талқыға түсті. Себебі, қызыл кілеммен жүріп өткен арулардың көпшілігі, актрисамен салыстырғанда әдеттегі қарапайым сұр немесе қара түске таңдау түсірген.