Осыдан 2 ай бұрын отандық шоу-бизнеске қадам басқан «Блэк дайл» тобы күні кеше табынушыларымен тілдесіп, арнайы автограф сессияны ұйымдастырған. Аздаған уақыт ішінде, мыңдаған фанаттар армиясын жасақтап үлгерген жігіттерге танымалдылық қаншалықты әсер етіп жатыр?!
«Black Dial» тобы: - Жауапкершілік көп! Яғни, халықтың көзінде, нысанада жүресің, адамға үлгі бересің дегендей... Өз-өзімізге одан да жоғары қарай бастадық. Себебі, бұл үлкен жауапкершілік! Бүгінде бұл топ, бірнеше тректерді жазып, шілде айында алғашқы ән кешін өткізуді жоспарлап отыр. Қазақтың поп музыкасын насихаттауды мақсат тұтқан бойзбендтің кью-поп жанрының жанашыларына айтар жағымды жаңалығы бар. Есболат Беделханның жетекшілігіндегі бестік, алдағы уақытта «Найнти уан» тобымен жаңа жобаны іске асыруды көздеп отыр. Есболат Беделхан, продюсер: - Өйткені, біздің басты мақсатымыз кью-поп бағытын дамыту! Найнти уан және Блэк дайл кью-поп бағытындағы ең бірінші топтар. Сондықтан, екеуі әрине бірге концерт қойып, бірге шара өткізуі тиіс. Сондай-ақ, топ продюсері «Блэк дайлдың» қазақша баламасы барын айтып таңқалдырды. Есболат Беделхан, продюсер: - Ойыма келіп түскен сөз «қара домалақ» деген сөз! Енді әр түрлі ұлттар өздерін суреттеп, сипаттап айтады ғой! Мысалы, «сарылар» деп жатады, «қызыл беттер» деп жатады орыстар, сол сияқты қазақтар «қара домалақ» қазақтың балалары дейді. Кью-поп бағытында ән салатын бозбалалардың бүгінде фан-клубы да қалыптасып үлгерген! «Black Dial» табынушылары өздерін #Ravens деп атайтын көрінеді. - Ravens – ол негізі құзғын деген құстың атауын білдіреді. Көбісі ойлайды құзығынды жаман құс деп, бірақ ол 300 жыл өмір сүреді. Олар біздің фан-домның өте ұзақ өмір сүргенін қалаған болатын. - Дауыстарын естіген кезде бір күшті сезімде боласың...«Ninety one» мен «Black Dial»! Қос бойзбенд Q-pop фанаттарына тосын сый әзірлеп жатыр!
01.06.2017