Шын балуандар аламаны Алматы Барысында төрешілерді ұруға жол жоқ. Бірақ, сайыс шеңберінде өзіңнен үлкендерді алып ұрсаң қаһармансың. Биылғы Алматы барысының бас жүлдесін Руслан Әбдіразақта бұйырды. Дегенмен жанкүйерлер атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлының күресіне тәнті болды.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүберлеп өткен «Алматы барысына» аланың әр ауданынан 3 балуаннан, яғни барлығы 24 үміткер қатысты. Кемі 90 келілік палуандар ішінен 1998 жылы туған Ерасыл Болат біраз ағаларын ширек финалға дейін атып ұрып жұртты сүйсіндірді. Жарақатына байланысты жарыстан шығып қалған ол атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін жасырып, ешкімге сұхбат да бермеді. Алатау аудананының палуаны Әлімжан Жұмахметов пен ақтық сынға шығу үшін тартыста Дәурен Нұралинов ұтты. Өткен жылғы чемпион Виктор Демьяненко Русланға Әбдіразаққа есе жіберді. 24 палуанның ішінен қара үзіп шыққан осы төрттік. Дәурен Нұралинов, «Алматы барысы 2017» күміс жүлдегері: – Кемшілік қатты көп жібере қойған жоқпын деп ойлаймын. Өйткені захваттарға көп күрестім. Өзімнің әдістерім қолынан алып шалу жақсы шықты. Кішкене қобалжып жатырмыз. Күш атасын танымайды дейді, барын саламыз. Ақтық бәсекеде Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов пен Бостандық ауданының намысын қорғаған Дәурен Нұралинов кездесті. Басында босаңдық танытқан Руслан, белдесу аяғында Дәуренге тізгінді бермей, жеңісті уысында ұстап қалды. Руслан Әбдіразақ, «Алматы барысы 2017» жеңімпазы: – Виктор бауырымыз, Былтырғы Алматы барысы, сол бауырымызбен қиындау болды. Соңына дейін күрестім, аздап шыршаңқырап қалдым. Басында босап шыққандықтан. Дәуренге есе жіберіп қойдым деген оймен, кейін тез жиналып есемді қайтардым. Таза жеңіспе жеңдім рақмет. Өткен жылғы чемпион Виктор Демьяненко қоланы олжалап, 100 000 теңгені қанжығаға байлады.Үшінші орын үшін таласта ол Әлімжан Жұмахметовтен айласын асырды. Бас жүлдеге көлік пен күміс иесіне де ақшалай сыйлық. Экспо қарсыңындағы «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысы» турнирлері туристер таңқалатын шын спорт жәрмеңкесі болады дейді федерация өкілдері. Арман Шораев, «Қазақ күресі» федерациясының президенті: – Шет елден келген қонақтарды, себебі қазақ күресі біздің ұлттық құндылығымыз. Әдемі күрес, ұялмай көрсететін күрес. Сондықтан жылдан жылға біздің палууандардың шынығуы да нығайып бара жатыр.Атақты палуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматы барысында тұңғыш рет елдің көзіне ілінді
30.05.2017