«Кью-поптың» құпиясы! Аталмыш бағытқа қыздар неге қызығушылық танытып жатыр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ән әлеміндегі бағытын «Q-pop» жанрымен ұштастырған қазақ қыздары жайлы не білеміз?!

Кью-поп жанрына жақын жас өрендердің бірі Дана Әли! Бүгінде алғашқы бейнебаянын таспалап үлгерген әнші, қазақтың поп музыкасын насихаттау жолында аянбай тер төгуді көздеп отыр. Ал, аталмыш бағыт талантты қызды қалай баурап алды?! Дана Әли, жас әнші: - Қазіргі жастардың сүйетін жанры, өйткені, онда әсіресе акценті биге беріледі және ол жерде көбірек эмоция бар. Өлеңдері арқылы көп нәрсені жеткізеді. Айта кетейік, «Найнти уан» тобы кью-поп жанрының іргетасын қаласа, 5 бойжеткеннен тұратын «КристАлс» гелзбенді, аталмыш бағытта ән салатын алғашқы қыздар ұжымы. «Crystals» тобы: - «Кью-поп» бағыт ол біздің ойлауымызша кэй-поп пен жаңағы батыс өлеңінің қосылуы болып келеді. Себебі, Қазақстанның өзі Еуразияның кіндігінде орын алғандықтан, біздің бет-келбетіміз шығыс яғни азияттық болғандықтан, сондықтан біздің музыкалық бағытымызда кью-поп жанрында дамып келе жатыр. Бұл жастарға деген керемет жанр деп ойлаймын. Сонымен қатар, ән әлеміндегі ұстанымын кью-поп бағытымен ұштастырған өнерпаздардың бірі «Зируза»! Алғашқыда әлеуметтік желі арқылы жұлдызы жанып, кейін продюсермен жұмыс бастаған әнші қыз бүгінде жанкүйерлер армиясын жасақтап үлгерген-ді! Ziruza, жас әнші: - Олар қазір шет елдерді тыңдайды ғой. Сондықтан шет елді тыңдамай, біздің қазақи өлеңдерді тек кью-поп бағытында тыңдасын деген оймен, мақсатпен кью-попты таңдадық.