Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов соңғы жарқын жеңісі үшін қанша ақша олжалады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Санк-Петербургтегі қарсыласы жапон сарбазын Ван Дамм стилінде айналып теуіп терең ұйқыға кетірген Арман Оспанов эксклюзивті сұхбат берді. Осы нокауты үшін қомақты сыйақы алған Арман қайырымдылық жасамақ ниетті. Сонымен қатар, Арман UFC-ге қашан шығады деген жанкүйерлер сауалына да жауабын айтты.

Соңғы екі жылда талай сынды бастан өткерген Арман Оспанов психологиялық және моральдық тұрғыда қатты өзгерген. Расул Мирзаевтан бастап WSOF және АСВ тұжырымында қарсыластары бірнеше мәрте ауысты. Әйтеуір АСВ Арманмен айқасуға уақытынын бұрын ұтылуды білмейін жапон сарбазы Тайчи Накажимуды әкелді. Арман Оспанов, аралас жекпе-жек шебері: - Бір жарым жылдай болды шықпағалы. Өзің айтпақшы, аш болып бардық қой төбелеске. Кездейсоқ нокаут болды деп ойлап қалуы мүмкін. Кездейсоқ ештеңе болмайды. Бізде алдын ала дайындалған комбинациялар мен ударлар арқылы шыққан деуге болады. Нәтижесінде қазақ Сұңқары өз мансабындағы үздік нокаутын тіркеді. Арман Оспанов АҚШ-та ұзақ жаттығып, Дағыстанда қабілетін шыңдап жүріп деңгейі биік жекпе-жек өкілі атанды дейді ағалары. Данияр Қасқарауов, «Alash Prdie» FC президенті: – Екі жылда Арманның деңгейі өті жоғары өсіп кеткені көрініп тұр. Алдындағы клеткаға шыққан кезде арсеналдың көптігінен Арман оның барлығын пайдалана алмады. Қазір UFC дің сұрап отырғаны жеңістер, әдемі жеңістер. Аранның стилі джон Джонсоға келеді. АҚШ-та WSOF тұжырымында төбелесемін деген ақырғы сәтте өзін аяқтан шалғандарға Арман кек сақтамайды. Бұл тек батырға тән қасиет! Әлі жеңіліс дәмін татпаған Оспанов өзі армандайтын UFC ге жетудің жаңа жолын ашты. Арман Оспанов, аралас жекпе-жек шебері: – Енді бойға шығайын деп жатқанда менеджерім маған хабарласып, жерлестерің саған қарсы істеп жатыр деп хабарласқанда қатты көңілім қалды. Бір апта көлемінде дипрессияда жатып. Ешкімнің сағы сынған жоқ. Осы АСВ тұжырымынан кейін бұйыртса UFC тұжырымы бойынша өнер көрсетеміз жақында. Арман Оспанов екі жылдық үзілістен соң ACB 61 турнирінде жар етіп Қазақстандағы ең мықты жекпе-жек шебері деген статусын даусыз қайтарып алды. Үздік нокаут тіркеу арқылы ол өзінің оралғанын жарты әлемге әйгіледі. Сол нокауты үшін берілген ақшаны да игі мақсатқа бере салуға ниетті. Арман Оспанов, аралас жекпе-жек шебері: – Рамадан айында қайырымдылық жасап, түрлі жағдайлар болып жатады. Өзімнің көмегім ретінде қайырымдылық істеп жіберем деген ойдамын Алла қаласа. Бар болса көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын дұшпанарды Арман Оспанов енді жақсы ажыратады. Биыл қыркүйек айында ACB турнирі Алматыда өтіп, басты айқасқа Арман шығуы ықтимал. Ол өзінің үздік екенін туған жерде тағы бір дәлелдемек.