Иә, қазіргі таңда ғаламтор қолданушыларынан қулығыңды асыра алмайсың. Кешьюді масқаралаған көшірме мәселесі Құралай Анарбековаға да сабақ болатын шығар. Өйткені, өнер иесі кинопродюсер ретінде толықметрлі дебютінің жұмысын бастады.
Алғашқыда қалың көпшілікке актриса ретінде танылған Құралай осы жолы қатты қобалжулы! Өйткені, жаңа жобаға продюсерлік ету жұмысы жүктелсе, қоюшы режиссер Ернар Нұрғалив те толқыметрлі бірінші картинасын таспалап жатыр. Бұл комедия жанрындағы фильм «Брат или брак» деп аталады. Құралай Анарбекова, актриса, продюсер: - «Брат или брак» дегеннің мағынасы, жаңағы ағаларыма әлде өзіңнің бағыңды құру керектігін бе деген сияқты мағынада айтылған. Сол ағаларыңмен өмір-бақи өмір сүріп қалу керек пе немесе өзіңнің өміріңді жалғастырып, жанұя құрып, өсуге, өнуге жол тарту керек пе деген мағынада. Картина желісі бойынша 5 ағасының қызғыштай қоруының нәтижесінде, жүрегі қалаған ғашығын жолықтыра алмай жүрген, Гаухар есімді қыздың өмірі суреттеледі. Ал, арудың «Айдар» есімді сүйіктісін сомдау, актер Дәурен Серғазинге бұйырған. Дәурен Серғазин, актер: -Өмірде еш алаңсыз, еш өтірігі жоқ, сәл аңқаулау, бірақ өзінің махаббатына деген тазалығы, оның батырлығы, сол өзінің алдына қойған мақсатына жетуге бар күшін салуға. Осындай таза кейіпкердің бірі. Сонымен қатар, бұл картинадағы басты рөлдердің біріне Тәуекел Мүсілім таңдалыпты. Ұшқыш жігіттің образына енген сері, комедияда Гаухардың бұрынғы ғашығының кейпіне енеді. Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші: - Жұмыстан қайтіп келе жатырмын. Оны кездестіріп қаламын. Жаңағы, ғашығымды. Сол екеуміз кездескен жерден мен оған өзімнің ғашық екенімді дәлелдеп, тырысып бағамын. Ал, отандық кинокомедиялардың қатарын толықтыратын «Брат или брак» картинасы осы жылдың қазан айында үлкен экранға жол тартпақ!«Ана» атанғысы келген актриса Құралай Анарбековаға ағалары неге қарсылық танытып жатыр?!
31.05.2017