Кішкентай вайнерлер Әмина мен Әдия Сәкен Жақсыбаевтың жаңа топтамасын таныстырды
04.05.2017
Фэшн-патилерді қалт жібермейтін қауымның Сәкен Жақсыбаевтың кешіне де барын салып әзірленгені байқалады. Сұлу сымбатын айқындап, соңғы тенденциямен образдарын қалыптастыруда алдына жан салмайтын бомонд арасынан ерекшеленіп, көзге түсу қиын іс!
– Бүгінгі кештің ханшайымы өзіңіз сияқтысыз. Бір қуыршақ келбет! Жалпы, қалай дайындалдыңыз? Образыңызды кім таңдады?
Евгения Джонсон, сәнқой:
- Үлкен рахмет! Көйлегім Сәкен Жақсыбаевтікі! Әрбір дизайнер өзінің киімдерін таңадған сәнқойларды көруге құштар ғой.
Әдемі көріну үшін қанша уақыт дайындалу қажет?
- Сағат түскі бірден әзірлік басталды. Маникюрден бастап, шаш үлгісі, макияж жасауға жұмсалған уақыт.
– Ер адамға мынандай үлкен сөмке не үшін қажет?
Ян Рей, fashion-фотограф:
- Сән көрсетелімдерінен сыйлықтар жинап қайту үшін.
Сіздің сөмкеңіздің ішінде не барын білгіміз келеді.
- Ішінде күртешем, түрлі сыйлықтар, тойға шақыру билеті, ақша салынған әмияным, дәрумендер!
Жаһандық сән сахналарынан көрсетілмеген үлгі, пішім, мата қалмағандай! Жыл өткен сайын дизейнерлерге жаңашылдық ұсыну оңай соқпасы анық! Дегенмен, Сәкен Жақсыбаев жарасымсыз көрінетін реңктер мен маталарды үйлестіріп, детальдар арқылы луктарының әсемдігін аша түскен! Мегополистегі күйбең тірліктенарылып, саяхаттауға шақырғым келді, - дейді сәнгер.
Сәкен Жақсыбаев, сәнгер:
– Үй мен кеңсе арасын жол қылып жүрген сәтте, өмірі зырғып ағып барады. Саяхаттаңыздар, ел аралап, жер көріңіздер деген үндеу салдым. Нарықтың сұранысына сай, соңғы трендтерге бағынып іс атқаратын болсам, көрсетелімдерімді барахолкада өткізуім керек. Талғампазбын! Сондықтан, сәнді өзім жасаймын.
Отандық фэшн нарықтың сұранысына бағынышты болуды қаламағанымен, сәнгер Қазақстандық аудиториясының ауқымын кеңейтуге мүдделі! Бірақ, әлемдік тәжірбиеге сай, арнайы жарнамалық компания жасап бас қатырмаған. Жәй ғана елдегі ең танымал кішкентай ханшайымдар – Әмина мен Әдияны подиумға шығарумен шектеліпті.
Сәкен Жақсыбаев, сәнгер:
– Қаршадай қыздың 602 000 фолловері бар! Біз сол Аминаның аудиториясына да танымал болғымыз келді.
Арай Малғаждар, Әмина мен Әдияның анасы:
– Біздің папамыз прямой эфирде отырып, 24 мың адам прямой эфирде қыздарымызды құттықтап, біз үшін қуаншыты болғанына біз де әрине қуаныштымыз. Папамыз жылап жібере жаздады.
Расында, моно көрсетілім жасауға қалтасы көтеретін отандық сәнгерлер арасында, Сәкен Жақсыбаевтың нағыз шоу ұйымдастыра алатыны анық. Саяхаттан шабыттанған ол шеттен жиған тәжірбиесін елге әкелуге дағдыланған.