Сау бол, Санда! Эрик Тастембеков жаңа жобаның жұмысын бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром
Отандық шоу-бизнеске Тастембековтің қолдауымен қадам басқан Cанда, азулы продюсермен 7 жылға келісім шартқа отырған еді. Алайда, 3 жылдан соң, қос тараптың жұмысына нүкте қойылғанын Эриктің өзі хабарлады. Эрик Тастембеков, продюсер: - Әзірге не себепті кеткенін айта алмаймын. Дәл қазір менімен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде хабарлағым келеді. Тіпті бүгінде Санданың қайда екенін, немен шұғылданып жүргенінен бейхабармын. Экс-басшысының бұл сөзін Санда да растап отыр. Телефон арқылы жауабын берген әнші, Тастембековпен тіл табысу оңай болмағанын ашық айтты. Санда, әнші: - Да мы сейчас расторгаем контракт. Не получилось нам сработаться! Сандамен қоштасқан Эрик, қазіргі таңда қол қусырып отырған жоқ! Продюсердің әр қадамын жіті қадағалап жүрген әнші Жанар Дәукеева, Тастембековке өзі ұсыныс білдірген. Жанар Дәукеева, әнші: - Білемін продюсерсіз қиынырақ. Содан кейін айттым, негізі мен біраз болды бастап жүргеніме, жұмыс жасап келе жатқаныма осы күнге дейін жалғыз жұмыс істеп келемін. Бірге жұмыс істеп көрейік деп ұсыныс тастадым. Ол кісі қуана келісті деп ойлаймын. Эрик Тастембеков, продюсер: - Бүгінде бірнеше тректі таңдап қойдық. Бірақ келісім шартқа қол қойылған жоқ! Әндерді желіге жүктеп, тыңдарманның қабылдауын бақылап көремін. Менің жұмыс істеу тәсілім өзгеше, бірден қағазға жүгінбеймін. Мәселен, кезінде Мақпал Исабековамен 8 айдан кейін ғана келісім шартқа отырған болатынбыз. Бүгінде ресми түрде келісім шартқа отырмаса да, Эриктің жаңа жобасына қояр талабы таудай. Жанардың ән әлеміндегі бағытын бақылап, сахналық стилін де ойластырып жатқанын жеткізді.