Жаңарған Күлбике! Студенттер театры тұңғыш рет ағылшын тілінде мюзикл ұсынады
03.05.2017
«KELT» театры 2001 жылы қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінің жанынан құрылған екен. Он шақты жыл іс атқарған соң, қаржы қиындықтары салдырынан жұмысы тұралап қалған. Дегенмен, былтыр бұл өнер ордасына қайта жан бітіру үшін, арнайы іріктеу арқылы 120-ға жуық ағылшын тілін жетік меңгерген, актерлық қабілеті бар жастардан жаңа труппа түзілген. Театр басшылығына он бес жылға жуық кадр дайындаумен айналысқан педагог - Лора Пачини арнайы шақыртылып, алғашқы қойлымды сахналауға кіріседі. Труппаға біздің елде білім алып жатқан Еуропалық, Америкалық, Канадалық студенттер де енген. Мәселен, Күлбикені сомдау Техастық аруға бұйырыпты.
Эбби Гилберт, актриса:
– Мектеп кезінде де Күлбикені ойнағанмын. Бірақ, бұл жерде кейіпкерім мүлдем бөлек. 16-ғысырдағы кезең көрсетілгенімен, бүгінгі күннің өзекті мәселелері көтеріледі.
Краудфандинг арқылы қаржы жинап, Бродвейлік мюзиклді сахналауға арнайы лецензия сатып алынған. 2013 жылы жаһандық деңгейде тұсауы кесілген қойылым түпнұсқасының авторлары 16 Оскар, 2 Грэмми, 35 Тони жүлделерінің иегерлері Ричард Роджерс пен Оскар Хаммерстайн.
Тимур Балымбетов, телепродюсер, актер :
– Бұл шоудың масштабы және де осындағы көптеген спецэффекттер, жанды дауыс. Костюмнің ауысуы, би, ән барлығы керемет. Менің ойымша көрерменнің мұндайды көруге әлі мүмкіншілігі болған жоқ.
Ағылшын тіліндегі мюзиклді біздің көрермен қабылдай қояр ма екен? Бұл сауал спектакльге дайындық басталғалы труппаны мазалайды.
Тимур Балымбетов, телепродюсер, актер :
– Біздің көрермендеріміз курста оқитын, ағылшын тілін үйрететін мектептерге баратын, халықаралық мектептерде оқитын студенттер. Өйткені, оларға ол қызық. Бірінішіден, практика. Екіншіден, бұрын соңды болмаған, көрмеген постановканы көру.
Қойылымның тұсауы 5-ші мамырда кесілетін болғандықтан, соңғы дайындықтар пысықталуда. Ән мен биден бөлек, иллюзия, визуалды эффект пен акробатикалық трюктер сынды бірнеше жанрлар синтезі тоғыстырылған. Сондықтан, актерларға әрбір іс-қимылында мүлт кетпеу маңызды.