Джастин Бибер тасада қалды! Селена Гомес тұңғыш рет The Weeknd -пен «Met Gala-2017» салтанатында бой көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром
Сән әлеміндегі «Оскар»! «Met Gala»-ға жұлдыздардың тайлы-тұяғы қалмай жиналады. Олар қызыл кілем төрінен көріну үшін, тіпті айлар бойы әзірлік жүргізеді. Биыл жапониялық модельер Comme des Garcons маркасының негізін қалаушы Рей Кавакубоның жаңа көрмесіне орай, арнайы дресс-код белгіленді. Басты мақсат - ерекшелену! Бірақ, асыра сілтеп жібергендер де жетерлік! Фэшн сыншылар көзге оғаш көрінгендерін анықтап та үлгерді. Милитариді таңдаған Мадонна, қызыл жабынды жамылған Кэтти Перри, ақ үлпекке оранған Жанель Монэ, жөке камбинизон ілген - Хелен Ласичан әпенді бомонд тізімінде көш бастады. Фаррелл Уильямс, әнші: - Масқара, мұны қалай киюге болады деген сөзді жиі естимін! Кез-келген образды қалыптастырып, ел алдына қорықпай шыға алсаң, бұл сенің мықтылығыңның көрінісі. Бұл жерде бәрі көзтартарлық! Мадонна, әнші: - Бүгін бүкіл әлемнің назары менде болуы тиіс! Ники Минаж, әнші: - Ұшқыр қиялыңның деңгейін паш етуге мүмкіндік туып тұрғанда, қарапайым көрінуді кім қалайды дейсің? Metropolitan өнер мұражайына жиналғандар сәнімен ғана емес, өмірлерінің мәнімен де мақтануға келгендей. Папарацци құрығына жиі іліксе де, ел алдына ресми шықпаған Дженнифер Лопес су жаңа бойфренді Алекс Родригаспен, Селена Гомес The Weeknd-пен қолтықтаса шықты. Бұдан бөлек, Том Брэди мен Жизель Бюндхен, Блейк Лайвли мен Райан Рейнольдс, P. Diddy мен Кэсси, Ник Джонас пен Приянка Чопра ең тартымды жұп атағына әбден лайық. Пи Дидди, рэпер: - Меніңше, біз бүгін 21-ғасырдың сәнін көрдік! Бұл керемет! Рианна костюмдер институтының баллына ең ерекше образын танытуға емес, мем жасаушыларға шабыт сыйлау үшін келетін сынды! Биыл әзілсүйгіштер Ририді аяғы ауыр Бейонсенің басына жабыстырып та, десте гүлге айналдырып та үлгерген. Тіпті, образын қайталауға тырысқандар да баршылық. Джей Ло - Дисней ханшайымы, ал Хелен Ласичан – телепузик.