Ақан Сатаев «Томирис» картинасының дайындық жұмыстарына кірісті
10.04.2017
Ақан Сатаев «Томирис» туралы картина таспалауға белін бекем буғалы - жұртшылықтың құлағы түрулі! Тағы бір сапалы дүние ұсынады деген үміт басым. Сондықтан болар, режиссер өзіміздің кинематографиядағы үздіктермен қоса, шетелден арнайы мамандар шақыртқан. Сценарийдің бүгінгі сұранысқа сай түзілуін қадағалайтын скрипт-доктор мен компьютерлік графиканың озық үлгісін меңгерген арнайы топ іс атқарады. Бұған қоса, республика бойынша бірнеше айға ұласқан іріктеу жүргізіліп, актерлар таңдалады. Түсірілім жұмыстарына кіріспес бұрын атқа отыру, садақ ату сынды арнайы дайындық жүргізу жоспарланып отыр, - дейді Сатаев мырза.
Ақан Сатаев, режиссер:
– Картинада Томиристің туған сәтінен басталып, ақтық сапарға шығарып салған кезең суреттеледі. Идея авторы – Әлия Назарбаева. «Анаға апарар жол» фильмін жарыққа шығарғаннан кейін, осы жобаны қолға алдық. Бұған қоса, Әлия Нұрсұлтанқызы бас продюсерлік етіп, сценарий жазуға да атсалысады.