Карл Лагерфельд Chanel -дің круизді топтамасын таныстырды
04.05.2017
Көне грек ғибадатханасына қош келдіңіз! Әр ісінен өзгешелік байқататын Карл Лагерфельд сәнқойларды өткенге оралуға шақырды.
2017-2018 маусымына арналған Chanel -дің круизді топтамасын дизайнер Парижде таныстырды. Бұған дейін Гавана мен Сеулге ойысып, әлемдік турне жасағанымен биыл үйреншікті Гран Пале сарайына қайта оралуды ұйғарған. Декорацияны да, топтаманы да Рим империясының үлгісінде ұсынып, сол дәуірдің бикештерінің стилі мен бүгінгі сәннің тенденциясын ұтымды үйлестірген. Кеште Кира Найтли күйеуі Джеймс Райтонмен, Анна Винтур, Яна Рудковскаялар бой көрсетті. Бұл жолы Карл Лагерфельд подиумға өкіл ұлы
8 жастағы Хадсон Кронигті ерте шықты.