Арашпен мың бұрала билеген Махмуди араб әншісіне қанша ақша табыстады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл қазір біздің елдегі дүбірлі тойлардың көшін күні кеше өткен Сивидің отбасындағы қуаныш бастап тұр. Шет елдік танымалдардың басы қосылған бұл патиде, Араш пен Анна Семенович әннен шашу шашқан! Ал, меймандар үшін, әлем жұлдыздарын шақырған Махмудидің қалтасы қаншалықты жұқарды?!

Әйгілі Арашпен мың бұрала билеген Сиви әкесі Махмұдтың 60 жасын тойлатқан. Қымбат мейрамхана таңдап, жаһандық жұлдыздарды жанына жиған жанұяның қалтасы қаншалықты жұқарды?! Сиви Махмуди: -Жо-жоқ, айтпай-ақ қояйын! Қазір халық қайтіп щулап шығады керек емес! Баға жағын енді айта алмаймыз. Бірақ, арзан емес шыны керек. білетін адамдар біледі ғой. Тауып алады ғой өздеріне қызық болса. Иә, араб әншісі арзан емес! Араштың райдерінен бөлек, ән салу құны 80 мың АҚШ долларын құрайды екен. Сонымен қатар, Сивидің жанұясы бұл кешке ресейлік әнші, әрі актриса Анна Семеновичті де арнайы шақырған. Сиви Махмуди: -Анна Семенович ондай қымбат емес деп ойлаймын. Өйткені, қазір енді ондай қатты керемет әнші болып тұрған жоқ қой шыны керек. Кезінде енді керемет жұлдыз болды. Бірақ, Арашпен бірге керемет әні, дуэті болғаннан кейін шақырдық. Екіншіден, үш тілде өткен алпыс жылдық мерейтойда Анна орыс тілінде жүргізіп, асабалық қызметті де атқарған. Ал, ресейлік сайттағы мәліметке сүйенсек, әншінің қаламақысы 600 мың рубль, яғни қалтаңызда 3 миллионнан астам теңге болса жеткілікті. Сондай-ақ, Семенович өзге мемлекетке шақырту алса, жанына 8 адамнан тұратын командасын ертіп жүреді. Күні кеше Елордада да әлем жұлдыздары бас қосты! Астанадағы қонақ үйдің ашылуына арнайы келген француздың әйгілі әншісі Патрисия Каастың гонарары шамамен 120 мың долларға жетіп жығылса, аталмыш шараны тізгіндеген америкалық актриса Милла Иововичтің қаламақысы 150 мың АҚШ-тың құнды қағазын құрайтын көрінеді.