«Реал» Чемпиондар лигасының тарихында

Сообщить о проблеме с эфиром

Тойға шет елдік жұлдыздарды шақыру бізге таңсық емес. Ал, Чемпиондар лигасын «Реал» клубының екінші мәрте қатарынан ұтуы тарихи сәт. «Реал» әр ойыншысына осы үшін миллиондап сыйақы бермек. «Ювентус» футболшыларының басты өкініші қандай? Оларға букмекерлік кеңселер неге үлкен сенім артты?

Чемпиондар лигасының 2016/2017 маусымының финалы Кардифф қаласындағы 70 мың адам сыятын "Миллениум" стадионында шын аламанға ұласты. Бұл матч букмекерлік кеңселердің болжамын да күл-талқан етті. Олар негізгі уақыттағы «Реал» жеңісіне шамамен 2,6 «Ювентус» ұтысына 2,7 коэффициент ұсынып ойынның тең дәрежеде өрбитінін меңзеген еді.

Бірінші таймда қос қарсылас бір-бірінің осал тұсын аңдып, қателікке бой алдыратын сәтті бақты. «Реал» шабуылда ширақ қимылдаса «Ювентус» қарымта шабуылдан бақытын іздеді. Екі команданың қақпашыларының да еңбегі ұшан-теңіз. Алғашқы гол 20-шы минутта соғылды, оның авторы португал форварды Криштиану Роналду.

Естерін тез жинаған туриндіктер ойынның 27-ші минутында есепті теңестірді. Марио Манджукичтың шалқалай тепкен добы Кейлор Навос қақпасының тоғыздығында тулады. Кейін екі команда да голдар санын еселеу үшін қарсыластың айып алаңына лап қойған бар.

Үзілістен соң жасыл алаңға түлеп шыққан «Реал» тізгінді қолына дереу алды. Екінші таймның 61-ші минутында Каземиро алыстан тепкен соққысы "Реалды" алға шығарды. Сосын 64-ші минутта Роналду дубль тіркеді. Бұл тас қамал қорғанысына сенген «Ювентус» тағдырын шешкен голдар еді. 84-ші минутта колумбиялық Хуан Куадрадо алаңнан қуылып, корольдік клуб хавбегі Марко Асенсио голмен матч нүктесін қойды.

Криштиану Роналду, «Реал» ФК ойыншысы: – Бұл аса қиын ойын болды. «Ювентус» финалға тегін шықпаған команда. Құрметке лайықты. Бірақ біз бар жоспарды орындап, басым болдық. Осы ерекше сәттің иесі біз.

Джанлуиджи Буффон, «Ювентус» ФК қақпашысы: – Біз бар мүмкіндігімізді салдық. Алғашқы таймда жеңіске деген ықыласымыз зор еді. Екінші таймда стратегиямыз сыр берген секілді. Өкінішті. Бүгін жоғалттық, ертең қайтарамыз деген үміт бар.

"Реал" тарихында Чемпиондар лигасында 12-ші рет, екі мәрте қатарынан тұңғыш ұтты, бұл - рекорд. "Ювентустың" бұл Чемпиондар лигасындағы сегізінші финалы, екі-ақ рет мерейі үстем болған, басты өкініштері де осы. Олар осы Чемпиондар лигасында 109 миллион, «Реал» болса 80 миллион еуро табыс тапты. Оның әрбір ойыншы 1,5 млн еуро сыйақы алса, туриндіктер 350 мыңды қанағат тұтады. Зидан болса 17 айда ешбір клуб бапкері жасай алмаған жетістіктің авторы.