Таудағы демалыс. Сіз жанұяңызбен қаншалықты жиі табиғат аясына шығасыз?

Сообщить о проблеме с эфиром
Елімізде туристерді өз ерекешілігімен тәнті ететін жерлер жетерлік. Соның бірі, Алматы маңындағы Іле-Алатауы шатқалында орын тепкен Шымбұлақ. РЕВЮ тілшісі 2510 метр биіктікке көтеріліп, асқақ таулар құшағындағы отбасылық демалыстың ерекшеліктерін зерделеп көрді. Жазғы демалыста қалтаңызға салмақ түсіріп, міндетті түрде жағажайда демалу шарт емес. Уақытты тамаша өткізу үшін, тауға шықсаңыз жетерлік. Шымбұлақ спорт кешені тау бөктерінде «Отбасы күнін» ұйымдастырды. Шараға алматылықтар мен қала қонақтары, сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Алина Климова, ұйымдастырушы: - Біз бүгін «Солнышко» балалар үйінен бүлдіршіндерді қонаққа шықырып отырмыз. Мақсатымыз – табиғат аясында демалыс ұйымдастырып, керемет көңіл күй сыйлау. Сіз отбасыңызбен табиғат аясына қаншалықты жиі шығасыз? Егер жиі болмаса, ойланғаныңыз абзал. Себебі, мамандардың пайымдауынша тау климаты денсаулыққа шипалы болып саналады. Ал, мұндай алқапта туып-өскен жандарды жүрек-қантамыр және атеросклероз аурулары мүлде мазаламайды. Сондай-ақ, таудың саф ауасы адам ағзасындағы қан құрамы мен өкпеге оң әсер етіп, ми қызметінің жақсаруына әкеледі. Салтанат Мұсабаева, Алматы қаласының тұрғыны: -Тауға жиі шығып тұрамыз, Шымбұлаққа. Лесная сказкаға көп шығамыз. Негізі тауға күйеуім бастайды, ол өзі белсенді өмір сүреді, жүгіреді тауға шығып. Біз де бірге ілесіп келеміз, екі айлық баламыз болса да. Тауда тынығу - бүлдіршіндердің тынысалу мүшесіне де пайдалы. Әдетте табиғат аясында уақыт көп өткізген балалар өзгелерге қарағанда аз ауырғыш болып келеді. Меруанам Ильякова, көпбалалы ана: «Біз осы жерге міне барлық балалармен, немерелермен келдік. Жиі-жиі келіп тұрамыз осындай тауларға келіп, көктөбелерге барып. Сондай жақсы болып жатыр, сондай бәрі күшті. «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп, бекер айтылмаса керек. Табиғат аясына көбірек шығып тұрайық!