ВВС жер жәннаты Жетісудың әсемдігі туралы бейнеролик түсірді

Сообщить о проблеме с эфиром

ВВС телерадиокорпорациясы Қазақстанға туристерді тарту мақсатында тағы бір бейнеролик түсірді. Бұл жолы әлемдік телеарна Алматы облысын таңдаған. Жарнамалық роликте Жетісудың жауһар жерлерінің әсемдігі барыншы керемет көрсетілген.

Сюжетте қысқы-жазғы спорт түрлері, экстремалды демалыс, кемпинг пен этно-туризм бар. Жазық дала, ертегідегідей таулар, керемет көлдер мен тынысыңды кеңітетін тау сулары. Бәрі үйлесімді! Бұл туристік жарнама ролигін түсірудегі бағалы техниканы, кәсіби режиссура мен деңгейлі операторлық жұмысты да аңғарасыз.