Қазақ эстрадасының мэтрі - кеш шымылдығын «Асыл ана» әнімен ашып, ақ жаулықты әжелер мен аруларды мерекемен құттықтады. Әсем әннің аясында қызғалдақ ұстаған бір топ жігіт залды айнала гүл таратып, баршамызды ерекше қуантты.
Әнші әңгімесін өзінің туған күнінен емес, ән көгінде есімі алтын әріппен жазылған Ескендір Хасанғалиевты еске алумен бастады. Биыл 85 жылдық мерейтойы екенін тілге тиек еткен соң композитордың «Гүл сезім» әнін орындады. Тірі таланттарға да құрмет көрсетіп, кешке келген Алтынбек Қоразбаевқа алғысын білдірді.
Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның халық әртісі
– Жаңа ғасырдың жаңа ырғақтарын Сәкен дәлелдеп берді. Енді алдындағы 60 бар, 70 бар, 80 бар, 90 бар демекші, әр уақытта концерті жоғары деңгейде өтетініне сенемін. Көке деп алдымнан қия өтпейтін азамат Сәкені жасай берсін.
Сәкен Майғазиев талай жыл өнер ордаларында білім беріп, біраз таланттың сахнаға шығуына ықпал еткен. Осы жолы қанатының астына блогер Шахризаданы алып, жас әншіні өңір-өңірдегі өнер сүйер қауымға таныстыруды ұйғарған.
Шахризада Серікова, блогер, әнші:
– Бәрі сұрайды, «Сәкен аға сіздің продюсеріңіз ба?» деп. Жоқ, олай емес, тек қана оқушысы болғаннан соң, жас болғаннан кейін, сахнаға аяқ басып жатқанымды көргеннен кейін, басқа аудиторияның адамы болғаннан кейін коллаб жасағысы келді. Камераның адамы болғаннан кейін кино мен инстаграм камерасына үйреніп қалғанмын, сахнаға шығу үлкен тәжірибе болды.
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Мирас Жүгінісовтың әнін орындадыңыз. Халықтың қошеметінен -ақ ұнағанын аңғаруға болады, керемет болды. Коллаб жасау жоспарда бар ма?
– Бұл коллабарацияны Мирастың өзімен де шырқау жоспарда болған. Бірақ Мирас білесіздер сұранысы жоғары әнші. Мирас Жүгінісов: «аға қуана-қуана қолдар едім, қажылыққа кетіп бара жатырмын», деп өзі айтты. Әйтпесе, қолдайтын інілерім өте көп. Қасымнан табылатын өнердегі. Ешкімге буынсыз жерден пышақ ұрғым келмейді.
Кештің қызған шағында Мадина Садуақасовамен дуэтіне кезек келді. Әннің авторлары бұл туындыны қос әншіге арнайы жазып, «тек екеуіңіз орындасаңыз»,- деп сыйға тартқан екен.
Мадина Садуақасова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Барлық өңірлерде мега аншлаг! Бір концерт емес, екі концерт емес, үшінші концертті сұрайды. Бірақ жанды дауыста болғандықтан, ол мүмкін емес деп ойлаймын.
Кеш соңында Майғазиев сахнаға Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек Жанабіловты шақырды. Өнердегі әрі өмірдегі достар жастық шақтарын еске алып, сахнада біраз әзілдесті. Әннің алғашқы ноталарында Мақсат Базарбаев қатарға қосылып, Мұзарт ең алғашқы құраммен әуелетті.
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Музартқа арнап бір шығармалар дүниелер жасау жоспарда бар. Ал жеке шығармашылығымда әзірге тек аруларға аналарға өзімінң 50 жасыммен сабақтастырып кеш ұсындым. ары қарай мұзарттың 25 жылдығына кірісеміз бұйырса
Сахна сыртында тақым қысқан ұжымды есепке алмағанда әр әннің жоғары деңгейде орындалуы үшін сахнада бірнеше оркестр мен аспаптар квартеті жанды дауыста сүйемелдеді.