Онда біреуден туып ал! Жұлдыз Абдукаримованың өзгеден балалы болғысы келетіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз Абдукаримованың кейіпкері біреуден балалы болғысы келеді. Перзентінің әкесі ретінде Ерік Хамидуллаевтай сырбаз жігітті таңдағанымен, қалауы орындалмайды. Бірақ қапа болуға еш себеп жоқ. Себебі тағдыр аруға күтпеген тосынсый жасайды. Бұл «Онда біреуден туып ал» фильмінің желісі.

 

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

“Тұрмысқа шықпағандарға көбіне қашан тұрмысқа шығасың? Ең болмаса өзің үшін туып ал, онда біреуден туып алсаңшы” деген пікірілер айтылып жатады. Бұл шындық. Сол сыннан қашпай, тіке қарау керек сияқты. Бұл фильмнен кейін беталды сұрақ қоятын адамдар ой түйеді деген ойдамын.

 

Жұлдыз Абдукаримова кейіпкерінің есімі- Салтанат. Ал тағдыр кеш тоғыстырған Айдос атты ғашығының рөлінде -Тәуекел Мүсілім бой көрсетеді.

 

Тәуекел Мүсілім, актер:

Қайрат мырза сыныптасыңыз. Хабарласып, ренішін білдіріп немесе керісінше қолдау көрсетті ме?

Қайратпен көрістік түсірілім алаңында. Ол бір алаңға келіп, Жұлдыздың хал-жағдайын біліп кеткен. Сол кезде екеуіміз сөйлесіп, еске алып мектеп кездерді. Ал былай артық әңгіме болған жоқ. Керісінше қолдап бізді. Тек бір сахналарды сұрап, ерсіз, ұятсыз сахналар жоқ па деп. Оны сұрады. Бірақ сценаристтер артық сахна болмайтынын бірден айтты.

 

Қайрекеңнің қолдауы осындай. Ал КN-жарының рөлін көрермен қалай қабылдамақ?

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

Мен енді елдің алдына жүргеніме бірінші жыл емес. Пікір айтылады да, жазылады да. Мәселен неге біз инстаграмға сурет саламыз? Көрермен пікірін жазуы үшін. Ел алдында жүрген азаматтардың иммунитеті қалыптаспаса халықтың алдына шығуыдың қажеті жоқ. Сондықтан хейт болсын, хайп болсын бәріне бірге қараймыз!

 

Туындыда Күннұр Қалмырза мен Мағауия Қозғабаров та бой көрсетеді. «Әзіл әлемінің серкелері картинаға ерекше динамика сыйлайтынын бірден сездім»,- дейді продюсер.

Дастан Қалдыбай, кинопродюсер:

Актер таңдағанда талантына басымдық бересіз бе? Әлде оқырман санына қарап, қаншалықты көрермен тартатынын ескересіз бе?

Бірінші кезекте талантына мән береміз. Одан кейін таланты мен желідегі белсенділігі бірдей келіп жатса неге алмасқа? Коммерциялық көзқарас болғаннан кейін, барлық жағын қамту керек.

Жалпы жобаға қанша қаржы кетті?

Шамамен айтайын 160-170млн кетті.

 

Бір жарым жыл бұрын таспаланған туынды енді үлкен экранда. Біраз арудың ішкі жай-күйін жеткізген комедия көрермен көңілінен шыққан сыңайлы. Бұл сөзіме көрсетілімнен кейінгі халық қошеметі анық дәлел.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

Өшекті тақырыпты көрсетті. 30-40 жастағы қыздардың ішкі күйін жеткізді.

Еламан Есентай, актер:

Фильм өте жоғары деңгейде өтті. Күтіп жүргеніме бір жылдан асып кетті.