Өнердегі ер азаматтардың 8-наурызға дайындығы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

8-наурыз жақындаса жігіттердің сыйлық іздеп әлек болатыны жасырын емес. Осы орайда біз танымал арулардың қалауын білмекке сауалнама жүргіздік. Туған күнінде көлікті болған Сабина Мовлаеваны 8-наурызда таңғалдыру оңай болмайтын сияқты.

Сабина Мовлаева, блогер:

Сағатым сынып қалды. Осыдан 1 жыл бұрын. Өзіме қимай жүр емес, бірақ ер адам сыйласа күштірек көрінетін сияқты.

сағаттың түрі көп қой. Қайсысын қалайсыз? Қай брендке басымдық бересіз.

бағасын айтпай-ақ қояйын. Шамасына қарай алса болады.

 

Ал Тамирис Жанғазиеваны бренд әшекеймен алдай алмайсыз. Себебі жүрегі шығармашылыққа толы талғампаз арудың қалауы мынадай:

Тамирис Жанғазинова, актриса:

Енді өзім бір картина қалайтын шығармын. Ерекше жанрда салынған деген сияқты. Өзімнің бөлмеме іліп қоятындай.

Мына суретшінің картинаны сыйласа ғой деп астын сызып айтатын шығармашылық адам бар ма?

Жалпы ондай суретшілер өте көп. Олардың бағасы өте қымбатболып жатады. Және оларды бермейтін де шығар коллекционерлер. Клод Моне деп айтамыз. Сол кісінің картиналары ұнайды. Жалпы картина күтемін.

 

Тамирис қалайтын суретші картиналарының құнын білмекке ғаламторды ақтардық. Баға мынадай. 2018 жылы «кувшинки в цвету» туындысы 84 млн долларға сатылған. Ал ең қымбатқа бағаланғаны «стога сена» картинасы. Құны 110 млн доллар. Өнерді бағалайтын арудың қалауын орындайтын азамат бар деп сенеміз. Ал медиа кеңістіктегі ер азаматтардың мерекеге дайындығы қалай?

Шерхан Пірназар, актер:

Анашымның өзінің тапсырысы бар. Әйелімнің тапсырысы бар. Қызымның тапсырысы бар. Осы бір-екі күнде аламын.

Әйелім жақсы бір залға абономент сұрады. Анашымның тапсырысы-алтын.

Әйеліңіз сұраған сертификаттың құны қанша?

600 мың теңге.

Мерекелік кештерге менің әйелім ең жақсы деген жазуы бар футболка киіп келген Қанай ең керемет жарын қалай қуантпақ?

Qanay, әнші:

Құны қымбат болады. Айта алмаймын. Күшті бір сыйлық дайындаймын

3млн, 2 млн

3 млн дейінші. 3 млнның затын әперем ғой ,қолға тағатын, мойынға тағатын общий бір.

 

Әңгіменің әлаулайын анасына шетелге жолдама сыйлаудан бастаған NNN қарындастарын да назардан тыс қалдырмақ емес.

 

NNN, блогер:

Қарындастарыма новый айфон. Үлкен қарындасым картье қалайды. Шетелге шығуды да армандайды. Шама жеткенше әперем.

 

NNN шамасына қарай көсілсе, тележүргізуші Дәулет Исраил қарызданса да қуантатын жігіттер қатарынан. Мәрт жігіттен алғашқы махаббатына арнаған сый жайлы сұрадық.

 

Дәулет Исраил, блогер, тележүргізуші:

Студенттік шақта, жігіттік кезде қандай сыйлық берген едіңіз?

1-курста бір қызға 15-20 шақты шарик, коробка ішінде киндерлар, гүлмен сыйлағам. Соны еще мен қарызға алғам. Бір-бір жарым айдай құтылып жүрдім.

Сонда қанша қаржы кеткен еді?

40 мың теңге ме, 30 мың ба сондағысы. Енді ақша жоқ қой 1-курспын.

Кредит алдыңыз ба? Біреуден сұрадыңыз ба?

Шарик сататын досым болды. Содан қарызға алдым. Киндер коробкасын тәтемнен сұрап, ішіндегі киндерді магазиндегі тәтелерден алдым қарызға. Гүлді досым алып берді. Кейін қайтардым.

Бағалады ма ол қыз?

Бағаламады-ау дейм. Сол 4- класста и 1-курста қадалдым. Сосын бермедім ешкімге.

 

Ендеше, бағалайық әрі бағалы болайық, арулар. Ал мен мерекемен құттықтауды жұлдызды жігіттердің еншісіне қалдырдым.

Шерхан Пірназар, актер:

– Өмір ғой бұл бәрі де жарасымды

Қуанасың кей-кейде бала сынды

Сағынасың ол да достарыңды

Сағынғандай бейне бір анашыңды.

Құрметті НТК арнасының көрермендері сіздерді халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Аман болыңыздар. Жандарыңыз жамандық көрмесін.

NNN, блогер:

Cіздер гүлсіздер! Аялап жүретін аруларсыздар. Сондықтан өздеріңізді күтіңіздер. Армандарыңыз орындалсын.