Танымал өзбек актері-Улукбек Кадыров қазақ криминалды драмасына су тегін түскені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

Бәс тігейік: «Азартник» толықметрі көңіліңізден шығады деп сендіруде жоба авторлары. Себебі веб-сериалдың әр бөлімі YouTube-та 2 миллионға жуық қаралым жинап, көрермен ықыласына бөленген.

 

Нұрсұлтан Мейірбеков, актер:

– Бұл толықметр веб-сериалдың соңғы нүктесі бола ма әлде жалғасын таба ма?

– Негізінде солай ойлағанбыз. Бұйырса көреміз енді. Егер фильм әдемі шықса, осы соңғы нүктесі болады деп ойлаймыз. Өйткені біз веб-сериалда комедия жағын көп қосатынбыз, ал үлкен кино болған соң, барынша драманы көбірек таңдадық. Шамалы ауыр болып жатыр.

 

Жаңа туындыда өзбек елінің мегажұлдызы Улукбек Кадыров та бой көрсетпек. Актермен келісім жүргізу продюсерлерге қиындық тудырмаған көрінеді. Айтуынша, олардың ортақ танысы болған.

 

Нұрсұлтан Мейірбеков, актер:

– Енді Ұлықбек ағамыз тарихи тұлға ғой. Кішкентайымыздан сол кісілерді көріп өстік. Ол кісімен ойнау мен үшін мақтаныш та болды, бір жағынан қуаныш та болды. Ол кісімен ойнау өте керемет.

 

Ол бұл рөлі үшін ешқандай райдер талап етпеген. Тіпті, болмашы ғана қаламақы алған. Қанша жерден шетелдік жұлдыз болса да, қазақ актерлерімен бірдей гонорарға келіскен. Оған себеп, картина Өзбекстан көрерменіне де ұсынылатын болғандықтан, актердің анасы қазақ болғандықтан нағашыларына жиендік жасаған деседі.

 

 

Десе де, продюсердің қалтасына Стамбулдағы түсірілімдер айтарлықтай салмақ салған. Локациядан бөлек, түрік елінің каскадерлеріне де шығындалған. Осылайша, бас аяғы 200 млн қаржы жұмсалған. Бұл 4 маусымдық веб-сериалдың шығынын басып озды дейді идея авторы.

 

Рақымжан Қалдыкөз, режиссер:

– Фильмнің ең қымбат сахнасы қандай болды?

– Бір үлкен қымбат локация болды. Стамбулдың ең үлкен орталық райондарында. Ол жерде біз 3 күн түсірдік. Бюджеттің де үштен бір бөлігі сол жақта қамтылды.

 

Фильмде авторлар алға тартқан тақырып ол – лудомания! Оқиға желісі бойынша азарттық ойынның құмарына кірген Нұрсұлтанның басынан түрлі сынақтар өтеді. Және түсірілім барысында актерге осы сахналарды алып шығу қиынға соққан.

Нұрсұлтан Мейірбеков, актер:

– Түркияда бізде финальный сахналарда. Біз барып, бірден финальный сахнадан бастадық. Ал бізде сериалда басынан бастап жүйемен барып, соңын солай түсіретінбіз ғой енді. Маған өте ауыр болған Стамбулдың сахналары.

 

Лудоманның әйелін - танымал актриса Индира Құлмағамбетова сомдайды. Актриса сценариймен таныса сала келіскенін жеткізді.

Индира Құлмағамбетова, актриса:

– Қазіргі актуальный тема ғой негізі жастардың арасында көп болып жатыр. Карточниктар, жаңағы ставка қоятындар. Ондай таныстарым да бар. Ондай әйелдердің тағдырын да білемін. Сондықтан өзіме қатты қызық болды.

 

Қазақстандық киножұлдыздарды бауырлас халық жылы лебізбен қарсы алған. Шығармашылық ұжым актерлерді көшеде танып, суретке түскендер көп болғанын айтып, таңдасынын жасырмады. Кейбірі фильмнің тақырыбын естіп, өз оқиғаларымен бөліскендер де болған.

 

Ғани Беркінбай, актер:

– Веб-сериал түсіріп жүрген кезде де бізге, көшеден, басқа жерден көру арқылы мен құмар ойынды тоқтаттым деген адамдар көп болатын.

 

Жаңа туындының киносүйер қауымға берері мол. Криминалды драма арқылы көрермен құмарлық дертінің азабын көзбен көріп, бәс тігуден бас тартады деп сенеміз.