Динара Сұлтан, әнші:
– Мен өзімнің шығармашылық жолымды қалдырмаймын. Әрдайым ізденістемін, әрдайым жұмыстамын. Соңғы осы айда мен жаңа альбом жаздым. Осы көктемде жаңа күйтабағымызды шығарамыз, ағылшын тілінде.
Жанды дауыста ән айтуды сүйетін өнер иесі, Фрэнк Маккомбпен жұлдыздың концертінде танысқан екен. Ұсыныс қай тараптан түсті деген сұрағымызға эстрада жұлдызы былай деп жауап берді.
Динара Сұлтан, әнші:
– Ол сондай керемет әншілермен жұмыс істеген. Стиви Уандер, Чако Кхан, тағы басқа көптеген керемет әншілермен жұмыс істеген адам. Сол біздің Алматыға келіп өзінің концертін бергені бар. Осы қыста. Өзінің IP альбомын маған паш етті.
Әдетте “коллобарация” деген сөзді ұнатпайтын Сұлтан-тегі, бұл ұғымға қатысты пікірін өзгерткен сыңайлы. Өз сөзінде ол қазіргі жастардың талантты екенін тілге тиек ете отырып, кез келген ұсынысқа ашық екенін жеткізді.
Сондай-ақ әншінің өнерде жүргеніне келер жылы 20 жыл толады. Соған орай сахна ханшайымы бұл мерейтойды ауқымды етіп атап өтпек.
Динара Сұлтан, әнші:
– Негізі мен концерттер көп беремін ғой, өзіңіз білесіз. Кішігірім концерттер. Бірақ енді ол маған аз сияқты көрінеді, сондықтан бір үлкен халыққа, мүмкін қазақстанды біраз аралап, содан кейін бір үлкен концерт беру арманым бар.