Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Статистикалық мәліметке сүйенсек елімізде 75400 арудың есімі «Ұл» сөзінен басталады. Аталмыш тақырыпты қозғайтын «Жеті гүл» фильмінің премьерасындамыз!
«Жеті гүл» фильмінде 6 бірдей аруды дүниеге әкелген ерлі-зайыпты 7-ші сәбиінің жынысы ұл екеніне сенімді. Алайда олардың тағдыры жүрек қалауына сәйкес болмай шығады. Отбасын сақтап қалуға тырысқан Жұлдыз есімді кейіпкер көршісімен жаңа туған шақалағын ауыстыруға мәжбүр болады.
Аталмыш толықметр күні кеше көрермен назарына ұсынылды. Комедия жанрындағы кезекті туындыда- Олжас Абай, Ұлболсын Шалқарова, Мадина Оспан сынды танымал артистер бой көрсетті. Ал картина режиссері -Дархан Карипов есімді дебютант.
Дархан Карипов, режиссер:
– Дебютант ретінде қандай қиындықтарға ұшырадыңыз?
– Алғашқы нәрсе болғаннан кейін қиын ғой себебі. Бұл жерде как режиссер ретінде 50-60 адамдық сьемочный команданы ұстап тұру керексің.Қиындық маған түскені түскен жағы қобалжу көп болды, басында.
Картина сценарийін жазу үшін шығармашылық ұжым жарты жыл уақыт жұмсаған. Алайда түсірілім барысын бар болғаны 14 күнде тәмамдаған. Бұл кәсіби актерлердің сапалы әрі оперативті жұмысының нәтижексі. Осы орайда продюсердің өзінен сол сапалы еңбегі үшін ерекше райдерге ие өнерпаздардың есімдерін сұрауды жөн көрдік:
– Ең бір ерекше райдері бар актерді айтып беріңізші?
– Ол біздің басты кейіпкерлеріміз Олжас Абай мен Ұлболсын Шалқарова .
– Ең қымбат гонорар қай актерда?
– Олжас Абай.
– Қанша?
– Дастарханға үш жерден май, үш жерден қант қоюға жететіндей бар ода.
– Фильм түсіруге жалпы қанша қаражат жұмсалды?
– Фильмнің жалпы қаражаты маркетингімен қосқан кезде айтуға бола ма екен. 125 миллион қаражат құртылды.
Ұлболсын Шалқарова, актриса:
– Жүкті кезіңізде 3 бірдей проектте түсіпсіз. Бұл фильмге түсуге не түрткі болды?
– Сценарий ұнады. Және де мен сценарийін оқыған кезде бір өзіме жақын болып, бір жылап қалған болатынмын. Және де менің атым Ұлболсын. Осы фильмде осы тақырыпты қозғайды.
Басты кейіпкерді сомдаған актриса-Ұлболсын Шалқарова жүктілігіне қарамастан түрлі жанкешітілікке барған. Тіпті түсірілім барысында қызуы көтеріліп, сырқтаттанып қалған екен.
Ұлболсын Шалқарова, актриса
– Кішкене ғана бір қиындық болды. Бір ауырыңқырап қалған кезім болды. Сол кезде уайымдап қалдым. Себебі енді жүкті кезде ауру деген ол сондай бір балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол кезде бір уайымдап, уақытылы емін қабылдап ары қарай түсіруді жалғастырдық.
Алайда өнер иесінің өмірдегі серігі Олжас Нұрбайдың сүйіктісініне деген қамқорлығы жұрт сүйсінетіндей.
Олжас Нұрбай, актер, режиссер:
– Мен әрқашан да өзімнің жұбайымды творчестволық жағынан қолдаймын. Әрқашан да оған үйленер бұрын да айтқам: Мен сенің потенциалыңды білемін. Мен сенің алға жылжығаныңды қалаймын. Сенің жаңағы алға қойған мақсаттарыңды әрқашан мен жүзеге асыруына тілектеспін.
Ең қызығы, аталмыш туындыда продюсерлік қызмет атқарып, басты рөлді сомдау әубаста актриса Дариға Бадықоваға ұсынылған:
Дариға Бадықова,актриса:
– Бұл «Таптым ау сені» 1 түсірілетін кезде, алдымен осы кино «Жеті гүл» ұсынылды маған. Сосын мен қорқақтадым «Айсарадан шығуым керек» деп. «Жеті гүлді» мен алмадым. Енді қазір қарадым. Неге алып қалмадым? Неге сол кезде сатып ала салмадым. Бірақ ол кезде ақшам да жоқ болды ғой енді... Сонда да бірдеңе қып қарызға ала салуым керек пе еді деген ой келді. Одан кейін маған жазылған рөл болғаннан кейін тіпті бір жадыма жақын болып қалды.
Актауалды тақырыпты жалау еткен картина үлкен аудиторияны қамтитыны сөзсіз. Ал фильмді алғашқылардың бірі болып көрген көрерменнің пікірі қандай:
Фариза Ескермес, актриса:
– Өте маңызды тақырып қой негізі. Осындай тақырыптарды қозғап көрсетіп жатқандары менің ойымша керісінше өте жақсы.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
– Мен де 3 қыз өмірге әкелген адаммын. Ұл әкелмеген анамын да. Сондықтан ол сенің бетіңе ешкім айтпағанмен, каждый клеткаңмен сезінесің сен ондай нәрсені. Сол сезімдердің бәрі көтерілді.