Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бұл фильмнің сценарийі 12 жыл жазылған. Ал түсірілімі 2020 жылы басталған. Міне, араға төрт жыл салып «Қажымұқан» картинасы көрерменге жол тартып отыр.
Бұл толықметрдің кастын іріктеуге аттай 1 жыл уақыт кеткен. Қажымұқанның жарын бастапқыда, басқа актриса сомдауы керек болған. Бірақ COVID-19 барлық жоспарды бұзған. Басты кейіпкер вирус дендет тұрған шақта, дертке шалдыққан. Сосын орнына Жазира Еркін таңдалған.
Жазира Еркін, актирса:
– Бұл образ өте ауыр тиді шынымды айтсам. Жалпы фильм үшін 14 жылдан аса уақыт кетті. 10 жыл зерттеуіне кетсе, 4 жыл производстваға кетті. Мен әртүрлі жастағы возрастын сомдаймын. Жас жеткіншек 18 жасар, кейін орта жаста 30-35 жасар, кейін 40-тан асқан ананың рөлін ойнаймын.
Ал Мұңайтпасұлын сомдаған Ербол Төлепберген киноға 2000 үміткердің арасынан таңдалған. Актер бастапқыда өтпегенін айтады:
Ербол Төлепберген, актер:
– Кастинг директорлар суретіңізді жіберіңіз,-деді. Суреттерімді жіберіп едім, сіздің жасыңыз нешеде деді. 29-да деп едім, сіз келмейсіз деді. Бір айдан өте келе, Қанағат Мустафин режиссердың өзі звондады. Келе аласың ба, көрейік деп едік деді. Келдім. Таныстық. Сценарийді берді. Мен айттым: 3-4 күн беріңіздер дайындалып көрейін деп. Сценариймен танысып шықтым, өте қызықты болды.
Қанағат Мұстафин бұл киноны түсіруден көптеген қиындыққа тап болған. Тіпті талай алаяқтарға да алданған. Қаржы жетпей үйін кепілге қойған.
Қанағат Мұстафин, режиссер:
– Ең қиындығы материал көп болды. 3,5 сағат. Одан 1,5 сағат кесу керек болды. 1,5 сағат кескеннен кейін, түсініксіз жерлері болып қалды. Сол себепті досъем жасау керек болды. Оған қаражат іздеу керек болды. Қаражат тауып, монтажын жасап, паш етіп отырмыз.
Киноның премьерасына Қажымұқан Мұңайтпасұлының тікелей немересі де келді.
Бауыржан Қажымұқанов, Қ. Мұңайтпасұлының немересі:
– Иә, расында өте ауыр жұмыс болды. Өте ұзақ жұмыс болды. Өте зерттеумен. Одан кейін кішкене деректі фильм болмағаннан кейін, көркем фильм болғаннан кейін Қанағат өзінің фантазиясын да қосты. Енді мен оған жоқ деген жоқпын. Себебі расында Қажымұқан атамыздың өмірін кез келген қазақ біледі ғой, деректі өмір жайын.
– Прототип ретінде Жазира өзінің анасын алған екен. Байқалды ма?
Фариза Ескермес, актриса:
– Байқалды. Өйткені Жазираның анасы сондай байсалды, қазақи нақыштағы, әдемі әйел. Көрініп тұр. Жалпы Жазира өте талантты актрисалардың бірі қазір. Кез кезлген персонажды, кез келген характеристиканы өте жақсы алып шығатын актриса.