Мадина Сәдуақасова өзінің әттеген-айымен бөлісті! Әншінің өзегін өртеген өкініш қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Сәдуақасованың келін, жар атанғанына биыл 10 жыл. Әдетте жұбайлар атаулы датаға орай неке жаңғыртып, раушан той өткізеді. Әншінің өзі де қайта ақ көйлек киіп, думанды кеш өткізуге кетәрі емес. Бірақ жолдасы бұл қалауын орындауға асықпайды.

Мадина Садвакасова, әнші:

- Жақында Қарақат құрбыңыз екінші мәрте тойларын өткізді. Сіздерде ондай жоспар жоқ па?

Бізде болмайды-ау ондай. Менің ойымша, тойланбайды. Үйде тойлануы мүмкін. Немесе өзіміз тек кішкентай отбасымызбен, өзіміздің отбасымызбен. Болды. Ал бірақ мен әттеген-ай деймін. Өйткені мен жақсы көремін. Осындай тусовкаларды, у-шуды, бүкіл жақындарыңды, достарыңды жинап алып, осындай той, туса жасаған ұнайды маған. Қайтем енді..

- Мүмкін көндіріп көрерсіз?

- Жоқ, 10 жылым кетті бекер. Ешқандай нәтиже әкелмеді. Сондықтан, жарайды енді, көндік.

Тусалар мен отырыстарды жаны сүйетін әнші, бүгінгі кеште де жалғыз. Тізімде жолдасының есімі жазылғанымен, өзі жоқ. Мадина күйеуінің мұнысын жұлдызды кештерге әлі де бой үйретпегенімен түсіндірді.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

Оның несі айып, осылай тойға келсең? Байқасаңыз, қазір де келген жоқ. Себебі ол білді, журналистер болады, барлығы видеоға түсіреді. Сондықтан «қоя ғой, өзің бара бер»,- деді.