Тырнақалды картинасының тұсауын кескен Серік Ибрагимов кинопродюсер атанғанына өкініп жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Ол тырнақалды туындысының түсірілім жұмыстарын бастағанда «Revue News» ұжымы қолдап, 230 шақырым жолды артқа тастап, Қырғызстанның Бішкек қаласына аттанған болатын. Бүгін міне “Заманback” фильмінің премьерадасындамыз! Продюсер Серік Ибрагимов пен басты рөлдегі Рамазан Амантай, көрерменге 90-шы жылдардың атмосферасын сыйлап, настольгия жасай ала ма?

- Кинопродюсер болған қалай екен?

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер:

- Оңай емес шынымен, мысалыға ән клипті білеміз ғой енді, оннан 20 адамға дейін істейді, бұл жерде 150 адамға дейін жүреді. Әрнәрсенің бүге шүгесіне дейін араласып, көріп, құныттап. Болды бүгін экзамен тапсырамыз

- Енді өзіңе бастысы ұнады ма? Ары қарай бұл саланы алып кетуге, менікі екен деген ішіңде бір сезім пайда болды ма?

- Бұл саланы алып кетуге болады екен шыныменде, енді мен анандаймын ғой өте, аллаға шүкір тәуекелшіл, көбінесе қорықпай кіріп кете беретін

- Фильмді түсіру үшін көлігіңді сатыпсың, қарыз да алыпсың. Олардың бәрінен құтылып үлгердің ба?

Серік Ибрагимов, әнші, продюсер:

- А жоқ. Құдай қаласа, енді ақталады деген үмітіміз бар, енді ақталады деген ойдамын. Сондықтан да міндетті түрде келіңіздерші деп жылап қалсаң. 25 млн-ға түсіріп миллиард жинаймыз деп, қарық боламыз деп ойлағанбыз, сөйтсек олай шықпады.

Серік сеніміне кіріп, Нұрболхан Шараповтан қомақты қарыз алған. 10 миллион теңге. Тіпті ақшаны қайтару уақытын да бекітіп берген.

Нұрболхан Шарапов, актер:

- Ноябрьдің аяғына дейін қойып берсе қойып берді, қойып бермесе сот деп отырмыз.

- Сен соттан үнемі жеңесің ғой

- Енді сол содан кейін уверенно отырмын.

Сюжет желісі бойынша әкесіне көңілі толмайтын Рамазанның кейіпкері кенеттен 90-шы жылдарға оралып, асқар тауын жақыннан тану мүмкіндігіне ие болады. Рамазанның әкесін актер Қуандық Шәкіржанов, ал оның жас кезін Жақсылық Қуандықұлы Айтқұрман сомдайды. Шәкіржановтың атұстарында бұл дебют.

Жақсылық Айтқұрман, актер:

- Әкемнің жас кезін сомдау мен үшін өте ауыр болды, себебі опытный актер, если қате ойнап қойсаң қатты сынға қалып қоясың.

Қуандық Шәкіржанов, актер:

- Бұл енді актер болам деді. Мен негізі қарсы болғам басында, бірақ тыңдамады енді, олар жеңеді ғой мамасы бар.

170 миллион теңгеге таспаланған картина отбасы құндылығы, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты насихаттайды. Ибрагимов «фильмде өз әкесінің жас кезін сомдау мүмкіндігі тағы бір жанға бұйырды» дейді.

- Серіктің ұлы, тұңғышы Хамза «Заман Back»-те түскен. Ұнады ма саған түсірілім?

Хамза Серікұлы, С. Ибрагимовтың ұлы:

- Иә, ұнады

- Кіммен ойнадың?

- Мен папамның жас кезін ойнадым

- Саған фильмге түскенің үшін папаң ақша берді ма гонорар?

- Жоқ, берген жоқ.

Ең қызығы, Ибрагимов өзге қарызынан құтылып үлгермесе де, басты рөлдегі актриса Бақытгүл Серіковаға гонорарын әу баста төлеп қойған екен.

Бақытгүл Серікова, актриса:

- Біріншіден ренжіткен жоқ, екіншіден кешіктірген жоқ. Сондай бір өте сирек кездесетін продюсерлерге бүйтіп қатарына қосып қойдым Серік ағаны.

«Заман back» дебюттық жұмыстарға толы. Мәселен, фильмнің музыкасын әнші Ильхан Ихсанов жазған. Продюсерге өзі ұсыныс тастаған әнші: арманым орындалды,-дейді.

Ильхан Ихсанов, әнші:

- Кино маған эксперимент болды өзіме, өзімді композитор құсап сезінгім келді. Өйткені композиция жазылмаған болса карьераңда композитор болып саналмайсың.