Ақбота-Нұр: Ермек Шынболатовпен сүйіскеннен кейін хейттің астында қалдым!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

– Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовты сүйістірген, Мага Шелби мен Дулыға Ақмолданы бір алаңда тоғыстырған, Рүстем Жаныамановты антагонист еткен «Адал алаяқтар» картинасының премьерасындамыз. Түркияда таспаланған экшн-комедия несімен ерекшеленбек?

- Демалыстан әдемі загармен келіпсіз. Қайда демалып қайттыңыз?

Ақбота-Нұр Сейітмағанбет, актриса:

  • Мальдив. Мальдивтан кейін арасына 2-3 апта салып, Египетке барып келдім.

Актриса биыл өзіне, денсаулығына көбірек көңіл бөлуге ниеттенген. Онысына себеп те жоқ емес. Бикеш «Адал алаяқтар» картинасының түсірілім барысында жарақаттанғанын айтып, біраз мұңын шақты.

Ақбота-Нұр Сейітмағанбет, актриса:

- Дәл қазір осы жерде жалоб жасағым келіп тұр продюсерге. Копчигімды сындырып алдым өкінішке орай. Бір-екі іс қимылым дұрыс болмай, соның салдарынан мүмкін. Және де біздің жігіттер үстелді дұрыстамағандықтан копчигымды сындырып алып, келе салысымен 10 күндік емханада жатқан болатынмын.

- Ал сол жақта жедел жәрдем көрсете алды ма түрік елінде?

- Көмектесті ғой енді.

- Енді «ашкым» демекші, Ермек сіздің ашкыңыз болып ойнады ғой.

Ақбота-Нұр Сейітмағанбет, актриса:

- Оңайға соққан жоқ, шынымды айтсам. Сондықтан қатты соққылар келді. Бірақ сол бір біздің хайп жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма болсын, жеке өміріме әсер етті десем де болады. Ну, енді хайптың аты хайп. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр.

Алайда актриса сүйісу сахналарына тұрмысқа шыққан соң нүкте қоятынын ашып айтты. Ал таяуда ғана шаңырақ көтерген Ермек Шынболатов бүгін жалғыз.

Ермек Шынболатов, актер:

- Келіншегің жоқ қой?

- Ол келе алмай қалды

Еске салсақ, «Адал алаяқтар» картинасының 90 пайызы дерлік, Түркияның Каш аралында, жергіліктер актер-каскадерлардың қатысуымен түсірілді. Фильмнің тұсаукесеріне Түрік елінен арнайы Ибрагим Темизоглу ат басын бұрды. Тарихи телехикаялар арқылы қазақ көрерменіне танылған актер, отандық киногерлерге тәнті болғанын жасырмады.

Ибрагим Темизоглу, актер:

– Қазақ актерларын бұрын танымайтынмын. Берік Айтжановты «Османның құрылуы» сериалында түсірілім барысында бірге жұмыс істеп жақсы таныдым. Мықты актер екеніне көз жеткіздім.

- Өзің түрікше білесің бе?

Ермек Шынболатов, актер:

- Түрікше аздап-аздап, тамам-тамам. Олар қазақша үйренді, біз түрікше үйрендік сондай болды ғой.

Дулыға Ақмолда, қос елдің каскадерлары бірігіп жасаған төбелес сахналарын ерекше атап өтті. Актер түсірілім барысында экшн кадрлар оңайға соқпағанын айтты.

Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біраз қиындықтар болды, оның үстіне кеменің үстіндегі төбелес сахналары өте қиын болды.

Ал Мага Шелбиді бәрінен бұрын көрермен пікірі алаңдатуда. Тіпті премьерадан соң жақындарының ойын асыға күтетінін жасырмады.

Мағжан Нұрғали, актер:

- Халықтың оценкасын қазір көреміз, мен бәріне шақырған таныстарымның бәріне айттым, «шындарыңды айтыңдар только» деп маған. Өйткені мен барған кезде бәріне мына жері ұнамады деп айтатынмын да.

Марат Әлібаев, актер:

- Мага өте жақсы ойнап шықты. Беделді юмористтердің бірі болып саналып жатыр ғой қазір.