Қанат Әлжаппаров, әзілкеш:
– Арасында қараймын иә. Өздерінің чаттар бар. Класстастар чаты, бірдеңе чат деген. Парольдерін айтпайды. Тексерейін десем десең... 10-шы, 9-шы класс оқитын балалар ғой енді. Міндетті түрде тексеріп отырамыз. Қатты ештеңе жоқ сияқты пока. Әзір бұзылайын деп тұрған адамға ұқсамайды десең.
Ал балалары енді енді ержетіп келе жатқан Серік Ибрагимов: тәрибеге көбіне әйел адам жауапты,-деген ұстанымда. Дегенмен әртіс әкелік рөлін ұмыт қалдырған емес.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Тәрбиеге енді анада санда барып ақыл-ойыммен, баламмен бір тауға, жылқыға алып шығуға тырысамын. Десе де, тәрбие беретін – ана. Сондықтан анасы, көп дүниенің бәрі анаға жауапты болады. Бірақ енді менің айтатыным. Біз көп телефон бермейміз. Телевизордан мультфильм қарайды.
Мадияр Серікбаев: бала көргенін істейді. Сондықтан алдымен өзім жүріс-тұрысымды дұрыстауға тырысамын. Қазіргі жастар артық мазалағанды ұната да бермейді ғой,-дейді.
Мадияр Серікбаев, актер,әзілкеш:
– Мен енді арттарынан қадағаламаймын шыны керек. Кіммен араласасың, неге араласасың деген нәрсе жоқ. Өзіміз кіммен араласамыз, балаларымыз да солардың балаларымен араласады. Қазіргі балаларды тексерсең, олар үлкен кісілер секілді. Ойланады, не үшін мені тексеріп жатырсыз? Сонда өз балаңызға күмәніңіз бар ма деп.
Зарина Кармен күйгелек аналардың қатарынан болғысы келмейді. Дегенмен актриса: қазір қиын заман. Сондықтан қыздарымның смартфондарынан бастап, араласатын достарына дейін қадағалап отырамын,-дейді.
Зарина Кармен, актриса:
– Жалпы адамды, оның ішінде баланы қалыптастыратын – орта. Қайбір ата-ана баласын жаман болсын дейді. Біз бар білгенімізді айтамыз әрине. Бірақ оның араласатын достары бар. Олардың өздерінің айтатын әңгімелері бар. Соған өте мұқият болу керек. Біз де мұқиятпыз. Мектепті де солай таңдадық. Кіммен дос, қайда барасың, кіммен барасың деген сияқты. Тіпті қандай сыйлық апаратынына дейін біз айтып отырамыз.