Юлдуз Усмонованың соло кеші қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Оны Қазақстан жұртшылығы жылда күтеді. Биыл да дәстүрден жаңылмай Республика сарайында 3500 адамға концерт қойып жатыр. Репертуарында 600-ден аса әндері бар. Ол Қазақстанның, Тәжікстанның, Түркменстанның Еңбек сіңірген әртісі – Юлдуз Усмонованың кешіндеміз!

Әртістің биылғы туры Алматыдан басталды. Әрмен қарай: Астана, Тараз шаһарлары. Тіпті әншінің келер жылғы графигі де шегеленіп, бекітіліп қойған. 2025 жылдың ақпан айының барлық күндерінде Ташкентте концерт қоймақ. Юлдуздың өзі: мен тыңдарманыма барымды беремін. Жаңашылдықты жақсы көремін,-деп, тағы бір дүниенің астын сызып өтті.

Юлдуз Усмонова, өзбекстандық әнші:

– Адамдар менен үнемі көп нәрсе күтеді. Сол жағы қиындау. Кейде содан шаршап та кетемін. Мен қолымнан келгенше жұмыс істеймін. Үнемі ізденісте жүретін адаммын.

Усмонова бүгінде альбом шығаруға дайындалып жатыр. 4 қазақша ән болады,-дейді. Бейнеклип түсіру де жоспарында бар. Сондықтан қазақстандық режиссерлардың жұмыстарын қарап жүр екен. Одан бөлек, әншіге фит жазайық дейтіндер көп. Өзіндік қағидаларым бар,-деді Юлдуз.

Юлдуз Усмонова, өзбекстандық әнші:

Бір-екі ән айтып, өзін жұлдыз сезінетіндер бар. Мен ондай адамдармен жұмыс істегім келмейді. Бүгіні белгілі болғанымен, ертеңі бұлынғыр. Әртіс ең алдымен сахнаны, көрерменді сыйлай білуі керек.

Әртіс өмірлік қағидаларымен, айналасына адамдарды қалай топтастыратынын да айтып өтті.

Юлдуз Усмонова, өзбекстандық әнші:

– Өзімді жалғыз жорытқан қасқырмын дер едім. Ішкі мәдениеті жоғары жандарды жақсы көремін. Ал ішетін, шегетін, есірткіге әуес адамдардан аулақ жүремін. Жаныма жолатпаймын.

Кеш солд аут. Жиылған көрермен Қазақстанның түкпір түкпірінен келген.

– Мен өзім Шымкент қаласынанмын. Бала кезімізден тыңдаймыз.

– Юлдуз Усмонова туралы қызықты факт білесіз ба?

  • Ол кісі 60 жаста. Ол кісінің әнші қызы бар Нулифар Усмонова деген.

– Жұлдыз Усмонованың 8 балалы, көпбалалы отбасынан шыққанын білемін.

– Бүгінгі кешке қанша уақыт дайындалдыңыз?

  • Үш апта бұрын шатаспасам билет алып қойғанбыз. Шыны керек, мүлде отырмай өлеңдеріне билеп отырмын. Хоть білейін, білмейін билеп отырмын.

Жоспарларымен бөліскен Жұлдыз, гастрольдік сапарлар мен концерттерден 1 жыл үзіліс алатынын мәлімдеді.