Шәріп Серік сүйіктісімен қарым қатынасын ағымдағы жылдың маусым айында жария еткен еді. Желіде туған күнімен құттықтап пост та салды. Жабық көрсетілімдер мен кештерде бірге бой көрсетіп жүрді. Жұлдыз жұп осыдан екі апта бұрын бақытты екендерін айтып сұқбат та берген болатын.
– Үнемі қасында қолдап жүресіз. Үйреніп жатырсыз ба Шакентидің осындай карьерасына, жұмысына?
Әлия Ботеева, блогер:
– Мен сүйіктіммен мақтанамын. Жұмысы оңай емес екенін де білемін.
– Сізді бірақ өте қызғаншақ дейді.
- Қараңыздаршы, әп-әдемі жігіт қой. Қалай қызғанбауға болады.
- Егер басқа актрисалармен түссе қарсы боласыз ба?
- Жоқ. Это же работа. Я понимаю. Но просто в душе ревную.
Бірақ қос ғашықтың арасынан қандай қара мысықтың өткені белгісіз, актер бірнеше күн бұрын: «Талай жақсы күндерді басымыздан өткердік. Тағдыр сені маңдайыма жазбаған шығар. Жоспарымыз көп еді»,-деп сторис салды да, аз-кем уақыттан кейін өшіріп тастады.
Актер сүйіктісін анасы Гүлнар Мұратқызымен де таныстырып үлгерген екен. Той туралы сұрағанымызда Шако сұрақтан жалтарған еді. Анасы да сауалымызды ашық қалдырған болатын.
– Балаңыздың ғашығымен бірге жүрсіз, таныссыз. Араласасыздар. Шако енді ашық айтқан жоқ.
Гүлнар Мұратқызы, Ш. Серіктің анасы:
– Алла бұйыртса... Бір Алланың қолында.
- Тойға дайындық болып жатыр ма?
- Оны енді қазір айтпаймыз. Ондай нәрсені жариялау...
- Келесі сұрақ...